Мегаполисте 9 мектеп пайдалануға беріледі

Сайт әкімшілігі

08.11.2020, 07:55

330

Шымкент қаласында жыл соңында бірқатар білім нысандарында құрылыс жұмыстары аяқталады. Осы орайда қала әкімі Мұрат Әйтенов мектептердің құрылыс барысын аралап, жұмыстың сапалы орындалуын бақылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі алдымен қосымша құрылысы жүргізіліп жатқан білім нысандарында болды. Тұрсынбаев көшесіндегі № 84 мектептің қосымша құрылысы «Ақ ордасы» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер компания құрылысты 25 желтоқсанда аяқтауды жоспарлауда. Бүгінде жер жұмыстары мен іргетасын құю толық аяқталған, плита жабыны 70%, қабырға жұмыстары 90% орындалып отыр. Қосымша ғимаратта 100 орындық асхана құрлысы да жүріп жатыр. Осыған дейін бұл мектепте асхана болмаған болатын.

Бас мердігер «Өмірзақ» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан № 17 мектептің қосымша құрылысы наурыз айында басталған. Нысан құрылысы жыл соңына дейін ақталады деп күтілуде. Айта өту керек, №17 және 84 мектептің құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылуда.

Сондай-ақ, шаһар басшысы  Бекет батыр – Тәшенов көшесінің қиылысында орналасқан өнер мектебінің құрылысымен танысты. Құрылысқа жауапты бас мердігер мекеме – «РСУ – 1» ЖШС-і. Негізгі ғимараттың жұмыстары және ішкі сылақ жұмыстары толық 100% біткен, ал абаттандыру жұмыстары 90% орындалды. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша жыл соңына дейін жалпы 5100 орындық 9 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 1200 орындық 2 мектеп, 300 орындық 2 мектеп ел игілігіне берілді.

Қараша – желтоқсан айларында қосымша әрқайсысы 300 орындық №17, 63, 84 мектеп және бір өнер мектебін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Палодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Сайт әкімшілігі 11:56
Мектептегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» қағидаттарының орындалуы жетілген
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56