Мегаполисте биыл жол жөндеуге 25 миллиард теңге бөлінген

Сайт әкімшілігі

12.09.2020, 16:17

156

 Биыл Шымкентте жол жөндеу жұмыстарына 25,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға 259 нысан мен 416 шақырым жол құрылысы қамтылады. Жыл басынан бері 160 көшеде, 203 шақырым жол жөндеу жұмысы аяқталса, енді жоспарланған жұмыстан 99 көше, 213 шақырым қалды.

Одан бөлек қалада жол өткелдерін ретке келтіру, аялдама мен бағдаршам орнату, көшені таңбалау жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек пен қазан айларында жол құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Демалыс күндері арнайы жол құрылысы жұмыстарының барысымен танысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жауапты сала өкілдеріне біршама тапсырма беріп, жолдардың сапасына баса назар аударуды ескертті

– Қалада жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір қала көріктеніп, жолдар жақсарып қалды. Дегенмен, сапасына, алдағы уақыттағы төзімділігіне назар аудару керек. Тұрғындардың ұсыныс-пікірін, олар үшін қолайлылығын да ескеруіміз керек. Әлеуметтік желіде күн сайын жол мәселесіне қатысты шағымдарды қарап отырамын. Ондай кедергілер туындамауы тиіс. Барынша қауіпсіз, әрі сапалы жұмыс жасалуы қажет. Сонымен қатар, шет аймақтардағы тас жолдарға қатысты мәселені де ертерек шешу амалдарын қарастыру қажет. Біздің көшелер мегаполиске сай болуы керек, – деп атап өтті Мақсұт Исахов.

Айта кетейік, қалада жол құрылысынан бөлек аялдамаларды жаңарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бүгінде 260 жаңа аялдаманың 133-і басты жолдарда орнатылуда. Сонымен қатар, қаладағы магистралді жолдарға веложолақтар салынып, қыркүйек айынан бастап Shymkent bike велосипедтері қайта іске қосылды. Қазіргі таңда жобада 160 велосипедтен құралған 40 велостанция қамтылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 04.08.2021, 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58