Мегаполисте инвестиция артып келеді

Сайт әкімшілігі

12.11.2020, 12:06

203

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен онлайн форматта Үкімет отырысы өтті. Жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Қалада пандемияның экономикаға кері әсерін төмендету үшін дағдарысқа қарсы іс-шара жоспары бекітілген. Ағымдағы жылдың 10 айында бірқатар көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізілді.

Атап айтқанда, ауылшаруашылық өнім көлемі (30,8 млрд.теңге) 2,0 пайызға, инвестиция көлемі (223,2 млрд.теңге) 54,7 пайызға, құрылыс көлемі (87,6 млрд.теңге) 64,2 пайызға артты. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі (383,8 мың шаршы метр) 3,1 пайызға, бөлшек сауда көлемі (320,9 млрд.теңге) 1,2 пайызға ұлғайды.

Пандемия салдарынан өнеркәсіп өнімінің көлемі 523,6 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 97 пайызды құрады (жылдық жоспар 98%).

Айта кетейік, «ПКОП» мұнай өңдеу зауытының бекітілген жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 10 айында 3,9 млн. тонна өнім өндірілген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 28.01.2022, 21:08
Бұрынғы атауы қайтарылсын!
Сайт әкімшілігі 28.01.2022, 09:31
Түркістан облысындағы экономиканы жаңғыртудың бүгіні мен келешегі
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 17:08
Павлодарлық полицейлер басшылықтан қашанғы қысым көреді?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 16:13
Ауылды «еститін Үкімет» қайда?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48