Мегаполисте көпірлер жөнделуде

Сайт әкімшілігі

10.11.2020, 11:46

181

Шымкент қаласында Маятас және Тоғыс тұрғын алаптарындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірлердің құрылысы қызу жүруде. Жоспарға сәйкес көпірлер жыл соңында ел игілігіне беріледі.

Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтың ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингінде айтылды.

–Биыл Ленгер тас жолындағы Сайрамсу өзенінің үстінен өтетін көпірге және Қарабастау тұрғын алабындағы Бадам өзенінің үстіндегі көпірге қайта құру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Одан бөлек, Елтай тұрғын алабындағы көпірге қайта құру жұмыстарын мердігер «ЖБИ-С» ЖШС-ы жүргізіп жатыр. Сондай-ақ бір автожолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында «ТЭЦ-3» мекемесінің жанындағы Сайрам су өзеніндегі көпірге «Әлем Транс жол» ЖШС-ы жөндеу жұмыстарын жүргізді, — деді Ғалымжан Ильясов.

Сонымен қатар, ауданда мамандар осы жылы 10 айда 72 аула аралық баспалдақтардың жай-күйіне мониторинг жүргізген. Олар жөндеуден өткен 23 баспалдақтың жағдайы қанағаттанарлық екенін анықтап, тозығы жеткен 8 баспалдақты қайта құруға ақау актісі мен сметалық есептер әзірлеп, жаңадан орнату жұмыстарын жүргізген. Қалған тозығы жеткен 41 баспалдақты қайта құру жұмыстары 2021-2023 жылдарға жоспарланды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:23
Жолдың сапасы жақсарады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 07.05.2021, 09:09
Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 12:06
«Серпін» жобасы бойынша гранттардың 52% сұраныссыз қалды – Мәди Ахметов
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 06.05.2021, 11:56
Киік жайылымды құртып, шабындықты шаң қылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 06.05.2021, 09:27
Жедел жәрдем халыққа жәрдемін аямайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.05.2021, 11:37
Момышұлының соқпағымен

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56