25.10.2020, 09:51
237
Шымкент қаласында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 70 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Бүгінде аталған көпқабатты тұрғын үйлердің 39-ында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 тұрғын үйде жұмыстар әлі де жалғасуда. Ал қалған 14 көпқабатты үй тұрғындардың өз есебінен жүргізіліп қойғандықтан жөндеу жұмыстарынан бас тартқан.
Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қаладағы тұрғын үйлердің лифттерін ауыстыру бойынша да жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл соңына дейін 6 көпқабатты тұрғын 12 лифт қондырғысы ауыстырылатын болады
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР