Мегаполистің геопорталы болады

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 06:56

279

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Маулен Айманбетов өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады.

Шымкент қаласының геопорталы – қалада орналасқан әрбір нысан туралы толық ақпарат жинақталатын арнайы сайт болады дейді.

Аталған порталды кезең кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 1-кезең іске қосылады деп күтілуде. Онда жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы енгізіліп, толығымен автоматтандырылады. Яғни қаланың Бас жоспары, жерге қатысты ақпараттар, мекенжай анықтамасы қосылады.

Жалпы портал — қала аумағындағы нысандар мен процестер туралы шынайы және өзекті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Жоба аясында сәулет және жер қатынастары саласында кәсіпкерлік бағытындағы процестерді автоматтандыру, қызмет көрсету сапасын жоғарылату және мерзімін қысқарту жоспарлануда.

Атап айтқанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік коммуникацияларға қосылуға арналған техникалық шарттарды алу, оларды келісу және құжаттарды беру секілді процестерін геоақпараттық сервис арқылы автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сервис арқылы кез келген қала тұрғыны (инвесторлар, кәсіпкерлер және т. б.) жер учаскесі туралы, оның кадастрлық құны, кепілдік жарнасы, жер учаскесінің орналасқан жері және өзге де ақпаратты көре алатындай етіп әзірленеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31