Мегаполистің мұғалімдері үздік атанды

Сайт әкімшілігі

05.10.2020, 09:50

201

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Үздік педагог-2020» байқауының қатысушыларын қабылдады. Кездесуде педагогтар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қаланың мерейін көтерген ұстаздарға шынайы алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Ұстазын ұлықтай білген елдің келешегі де жарқын болатынын айтқан қала басшысы республикалық «Үздік педагог-2020» байқауына қатысқан 12 ұстазға Алғыс хат пен 400 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Сонымен қатар, республикалық жарыста үздік деп танылған үш ұстазға ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог» медалі мен 1000 АЕК қаржы көлемінде сыйақысы берілді. Олар, №9 IT лицей мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі — Гүлзира Анартаева, № 8 мамандандырылған гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Гүлдана Дауленбаева және Жоғары медициналық колледжінің химия пәнінің мұғалімі — Жадыра Шәбден.

Қаладағы 26 мың педагог арасынан 12 ұстаз үздік деп танылып, республикалық жарысқа жолдама алған болатын.

Марапаттау рәсімін қорытындылаған шаһар басшысы барша мұғалімге жас ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі істері мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы жұмыстарына табыс тіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.05.2022, 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.05.2022, 22:59
Қайырымдылыққа зәру бала көп
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 26.05.2022, 22:55
Сот жүйесінің өзгерісі халық көңілінен шығуда
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47