Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте

Гүлжан СЕРІК

05.07.2021, 09:21

1655

Түркістан облысының 3 жылдығына орай Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты -Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. Жиын Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының ұйымдастыруымен өткізілді. Жиында Гүлжан Серіктің «Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілді қолдану тәртібі» атты авторлық әдістемелік құралының тұсаукесері болды. Кітапшаның тұсауын журналист, композитор, ғалым Бекжігіт Сердәлі, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының уақытша міндетін атқарушы Фариза Стамбекова және Департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Б.Запаров қиды. Азаматтық қорғау полковнигі Б.Запаров бұл әдістемелік құралдың Департамент қызметіне өте қажетті дүние екендігін тілге тиек етсе, Б.Сердәлі Департамент қызметкерлерінің тілге деген жанашырлықтарына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, жиын барысында Түркістан қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Дана Еримбетова мен тіл жанашырлары өз ойларын тақыға салып, тіл жайында пікірлерін білдірді. Жиынның екінші бөлігі «Тіл -қазына» атты интеллектуалды ойынымен жалғасты. Ойынға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне құралған «Тұран» командасы және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесі) қызметкерлерінен құралған «Номад» командалары қатысып, бақ сынады. Ойын «тіл», «тіл туралы өлеңдер мен ұлағатты сөздер», «мақалды жалғастыр» сынды 3 турдан өткізілді. Ойын нәтижесінде «Тұран» командасы жеңіске жетті.

                                                       

Тегтер: тіл мемлекеттік тіл мәселе латын әліпбиі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29