Мойынқұм ауданы ЖАЗ-АТАНЫҢ есімімен атала ма?

Нұрболат ӘЛДИБЕК

17.12.2020, 15:10

86

Мойынқұм ауданы облыс орталығынан шалғайда жатқан елі бай, жері дархан мекен.  Аудан халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысса, кейінгі жылдары өндірістік өлкеге айналып барады. Ұшқан құстың қанаты талып, шапқан тұлпардың тұяғы тозатын, қойнауы қазынаға толы кең байтақ жер мойынқұмдықтарға құдайдың берген сыйы. Ақбақайдың алтыны, Мыңарал мен Хантаудың цементі, Мирныйдың көмірі, Шығанақтың бариті, Балқаштың балығы мен Қияқтының граниті сөзімізге дәлел болғандай. Міне өлшеусіз байлық деген осы емес пе?

Мойынқұм жайында аудан әкімі Мәден Мұсаев:

«Бар болғаны 55 жылдық тарихы бар бұл аудан кешегі Керей мен Жәнібек хандар қазақ хандығының алғаш туын тіккен, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың кіндік қаны тамған, белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқов «Мойынқұмда ауылым» деп әнін арнаған, махаббаттың символына айналған «Құралай» сұлудың кесенесі тұрған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың, «Желтоқсан» оқиғасының құрбаны, қазақтың қайсар ұлы, «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтің елі екенін әрқашан мақтан етеміз. Елі бай, жері дархан Мойынқұм дегеніңіз бітпейтін құт, таусылмайтын береке, тұнған байлық мекені, мол ырыстың ордасы.

Аудан негізінен мал шаруашылығымен айналысып, алғашқы бес жылда-ақ мал басын өзі төлі есебінен көбейткен. Малға қажетті жем-шөп қоры осы өңірден дайындалып, жүгері, арпа, бидайдан да мол табысқа қол жетті.

Ауданда екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңқты шопан, малшылардың маршалы атанған Жазылбек  Қуанышбаев бастаған 10 Социалистік Еңбек Ерлеріне арнайы аллея ашылып, бюстері қойылған. Ал оның басында Жаз-атамыздың еңселі ескерткіші тұр. Осы аллеядан аудан алғаш ашылғаннан бастап оны 20 жыл бойы (1965-1985) үздіксіз басқарған Айтбай Назарбековтің де ескерткіші орын алды.

Жамбыл облыстық әкімшілігі басшысының 1993 жылғы шешімімен Фурмановка селосының аты Мойынқұм ауылы болып өзгертілді. Алайда қазіргі жағдайға байланысты аудан орталығының атын атақты шопан, малшылардың маршалы атанған екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, жерлесіміз Жазылбек  Қуанышбаевтың атымен атауға жұмыс жасалуда. Себебі, 2021 жылы даңқты шопан Жаз-атаның 125 жылдығы кең көлемде тойланатын болады. Оған дайындық жұмыстары басталыпта кетті»,- дейді аудан әкімі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 20.01.2021, 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15