Мойынқұмда 141 адамға 78 миллион теңге қайтарымсыз грант берілген

Нұрболат ӘЛДИБЕК

18.12.2020, 15:15

187

Жер көлемі бойынша Жамбыл облысының жартысына жуығын, нақты айтсақ 48 пайызын алып жатқан, бір шеті бетпақтың шөлімен, бір қиыры Балқаш көлімен құшағын айқастыратын, қойынауы қазынаға, қойны аң-құсқа толы Мойынқұм ауданы өңірдегі облыс орталығына ең шалғай орналасқан аудан. Десе де Мойынқұм ауданында кәсіпкерлікпен айналысуға ниет етушілердің қатары жыл сайын артып келеді. Жыл басында кәсіпкерлік негіздері бойынша 129 азаматты оқыту жоспарланса, бүгінгі таңда 318 азаматқа жолдама беріліпті.

Қазіргі таңда жолдама берілген азаматтардың 200-і оқуды аяқтаған. Бүгінгі күнге мал шаруашылық кәсібін кеңейтемін деген 26 азаматқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жолдама берілген. Соның ішінде 26 азаматқа 94 миллион теңге көлемінде несие берілген.

Қайтарымсыз грант бойынша 141 адамға 78,1 миллион теңге жоспарланса, олардың бәріне қаражаттары аударылып, кәсіптерін ашуға қолдау көрсетілген.

Шағын несие, қайтарымсыз грант алған азаматтар 170 жаңа жұмыс орнын ашқан.

Сонымен қатар, бұл ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 1387,0 млн. теңге бөлініп 52 жоба қаржыландырылыпты.

— Бағдарламаның мақсатты түрде орындалуы – ел саясатының дұрыс бағытта жүріп жатқандығының көрінісі. Сондықтан, бұл үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Аталған бағдарламадағы нысандар бойынша 462 жұмыс орындары ашылса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 236 жұмыссыз жұмыспен қамтылды, — дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев.   

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жалпы құны 426,3 млн. теңгені құрайтын «Қылышбай ауылындағы ауыз су ғимаратының және су құбыры құрылысының 2-кезеңін салу» жобасына биылғы жылға 302,0 миллион теңге қаражат қарастырылған.

Мойынқұм десе, елдің көзіне құмды жазық пен сексеуіл елестеуі мүмкін. Сол ұлан-ғайыр далада Жаз-атаның ақ таяғын ұстап, мыңғыртып мал айдаған шопандардың мемлекеттік бағдарламаларға қызығушылығы арта бастағаны құптарлық іс.

Бір-әттеген-айы бұл шалғайдағы ауданда халық санының өсу көрсеткіші көңіл қуантпайды. Мемлекет тарапынан осындай қолдаулар көбейсе, мұндағы ел-жұрттың басқа қала-аудандарға көшуі де саябырси түсері анық. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 22.10.2021, 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31