Мойынқұмның зауыттары жұмыстарын ширата түсуде

Нұрболат ӘЛДИБЕК

18.12.2020, 15:20

79

Мойынқұм ауданындағы «Алтын –Алмас» АҚ Ақбақай кен байыту комбинаты, Мыңарал, Хантау цемент зауыттары, Шығыс кен басқармасы, Мыңарал балық зауыты, «Оргстрой» мекемелері өз жұмыстарын ширата түсіп, жылдан-жылға жақсы жетістіктерге жетіп отыр. Олар мол өнім өндірумен бірге, ауданның жүздеген азаматтарына жұмыс тауып беруде.

Аудан  тұрғындары мал өсіру мен егіс егіп, одан мол өнімге қол жеткізу бағытында еңбек етуде. Округтерде құрылған өндірістік кооперативтер үлкен істің ұйытқысы болып отыр. Мейірхан Шалқарбеков пен Алмабек Әбдіқадыров басқаратын Айдарлы ауылындағы «Айдарлы-Агро-2019», Бірлік ауылындағы «Байбарақ-Агро» кооперативтерінің жүйелі  жұмыстары өзгелерге үлгі болуда. Олар ауыл шаруашылығына қажетті техникалармен қамтамасыз етілген, қырмандары бар.

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға арналған «Қанатқақты» пилоттық жобаға енген Кеңес ауылдық округі тұрғындары бар болғаны кейінгі екі жылда өз жағдайларын анағұрлым жақсартты. Округтегі барлық  363 отбасы  жоба аясында өз үйлері жанындағы қосалқы шаруашылықтарын тиімді пайдаланып, одан мол табысқа кенелуде. Бұл жерде олардың ең төменгі пайызбен мемлекеттен алған несиелерін тиімді пайдаланып отырғанын айта кеткен орынды болар.

Кейінгі екі жылда аудандағы кенжелеп қалған ауыл шаруашылығы, оның ішіндегі  суармалы егістік қайта қолға алынды. Сөйтіп, аудан диқандары жүгері, тары, арпа, жоңышқа, көкөніс егіп, одан мол өнімге қол жеткізіп отыр.      Аудандағы әлеуметтік жағдайларға да баса көңіл бөлінуде. Ауыл тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізсе, жолдар жөнделуде. Әрбір ауылда шағын спорт алаңшалары соғылып, жастардың спортпен тұрақты айналысуларына жағдай жасалды. Білім, денсаулық, мәдениет, спорт салаларында да қол жеткізген жетістіктер аз емес. Аудан тұрғындары бүгінгі қол жеткізген жетістіктерін алда да еселей түсу жолында аянбай еңбек етуде.

Аудан жайлы қысқаша мәлімет:

Мойынқұм ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 31 декабрь 1964 жылғы Указымен кешегі Көктерек ауданының негізінде 1965 жылы шөл мен шөлейт жерлерді игеру мақсатында  құрылды. Орталығы Фурмановка селосы болып белгіленді. Ауданның аумағы 72,1 мың шаршы километрді құрайды. Аудан жаңадан құрылғанда оның құрамына көршілес Шу ауданынан Жамбыл, Қызылтал, Коминтерн, Құмөзек, Сарқырама, Ұланбел, Фурманов селолық советтері, ал Талас ауданынан Жайлаукөл селолық советі, Шу қаласынан Ақсүйек, Мирный, Хантау, Шығанақ поселкелік советтері енді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 20.01.2021, 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15