Мұғалімдер олимпиадасы аяқталды

Сайт әкімшілігі

14.11.2020, 13:43

313

Шымкент қаласында мұғалімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті. Осы жылы 28 қазан мен 4 қараша аралығында өткен білім бәйгесіне 1185 ұстаз бақ сынасып, білім саласындағы күрделі тапсырмаларды орындады.

Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, өзбек тілі мен әдебиеті, өзге тілде білім алатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті, информатика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Білім сайысының І-кезеңі Online Test Pad және ZOOM (бейнебақылау) платформалары арқылы онлайн (тестілеу) форматында өтті. Ал ІІ-кезеңге өткен 444 педагог өз пәндері бойынша бейне сабақтарын әдістемелік орталығына жібереді.

Бейне сабақты бағалауда мұғалімдердің сабақты жоспарлаудағы жаңашылдығы, қысқа мерзімді жоспарының құрылымы, мазмұны, сабақта қолданған тиімді оқыту тәсілдері, бағалау стратегияларын қолдануы ескерілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша үздік бейне сабақ үлгісін көрсеткен 30 мұғалім жеңімпаз деп танылып, педагогикалық озық тәжірибелері қала көлемінде таратылды. Әр пән бойынша бейне сабақтар қоры жасақталып, қашықтан оқыту жағдайында әдістемелік көмек ретінде қала педагогтеріне ұсынылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:23
Жолдың сапасы жақсарады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 07.05.2021, 09:09
Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 12:06
«Серпін» жобасы бойынша гранттардың 52% сұраныссыз қалды – Мәди Ахметов
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 06.05.2021, 11:56
Киік жайылымды құртып, шабындықты шаң қылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 06.05.2021, 09:27
Жедел жәрдем халыққа жәрдемін аямайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.05.2021, 11:37
Момышұлының соқпағымен

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56