Мүгедектер арбасына жол тар болып тұр

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

12.05.2021, 07:57

506

       Тағдыр тауқыметін тартып жүрген  мүгедектердің алдынан кездесетін мәселе аз емес. Қарағанды өңірінде ғимараттарға пандус орнату мәселесі әлі шешілмей келе жатыр. Мүгедектер арбасына арнайы салынған баспалдақ жолдардың өзі стандартқа сай болмай шықты.

      Қарағанды қаласының әкімі Ермағамбет Бөлекпаев аппараттық  жиналыста мүгедектердің  арбамен жүріп-тұруына шаһарда жағдайдың жасалмағанын мәлімдеп,  қарамағындағыларды сынға алды. Сәуір айында Қарағанды қаласында және облыстың бірқатар өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимаратқа арнайы арбамен кіріп-шығу мүмкіндігін тексерген рейд жұмыстары жасалған. Тексеру жұмысының нәтижесі көңіл көншітпеген. Көптеген ғимараттарда пандус жоқ, дәретханаларда мүгедектер үшін арнайы орын жасақталмаған, мүгедек арбасы кіре алатын жедел сатылар жоқтың қасы. Кейбір ғимараттарда пандустар көз алдау үшін салына салған тәрізді, арба жүретін жол талапқа сай салынбаған. Мұндай нысандарға келетін мүгедектер арбасымен кіре алмай, тауы шағылып кейін қайтып жатады.

        Бүгінде мүгедектер талай жылдан бері шешілмей келе жатқан өзекті мәселені айта беруден әбден жалыққан. Шенеуніктер болса мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жағдай жасамаған жекеменшік нысан өкілдерін жөнге шақыруға шамалары келмейді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, Қарағанды қаласында 121 нысанда мүгедектер арбасымен кіруге мүмкіндік жасалмаған. Бөлім мамандары 34 нысанға қатысты хаттама толтырып, оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне  жолдапты. Алайда департамент бұл ғимараттардың кәсіпкерлерге тиесілі екенін алға тартып, оларды тексеруге мораторийдің бөгет болатынын ескеріп, қауқарсыздық танытып  отыр.

       «Егер нысан иелеріне талапты жеткізе алмасаңыздар, заң жүзінде оларды сотқа беріңіздер. Бұл заңды талап емес пе? Мұндай талапты бірінші кезекте мемлекеттік органның өзі ұмытпауы керек. Бірақ солардың өзі мұны талапқа сай жасай алмай отыр, олар бірінші кезекте үлгі болуы тиіс. Бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіп отырған  жоқсыздар. Жасаған жұмыстарыңыз әлі көрініп жүрген жоқ», – деп мәлімдеді қала әкімі Ермағамбет Бөлекпаев.

       Қала көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолының басым бөлігінде мүгедектер өтетін жағдай қарастырылмаған. Мұндай жолдарда бардюр биік болғандықтан, мүгедектер арбасымен өздері өте алмайды. Қала басшысы қарамағындағыларға мәселені шешуге тапсырма берді. Алайда қордаланған проблеманың жуық арада шешіле қоятын түрі байқалмайды.

Тегтер: мәселе көпбалалы ана орталық бірлестік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39