Мүгедектерді жұмысқа орналастырады

Сайт әкімшілігі

27.08.2020, 14:01

158

Шымкент қаласында жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды. Оның  279-ы тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 12-і әлеуметтік жұмысқа, 190 азамат қоғамдық жұмыстарға,  80 азамат инфрақұрылымдық жұмысқа жіберілген. Ал 29-ы жастар практикасы жобасы көмегімен алғашқы тәжірибе жинақтады. Бұл туралы қала әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілеті бар барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер түрін ұсынады.  Атап айтқанда жұмыспен қамтуға ықпал ету, кәсіби даярлау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға, жаңа бизнес-жоспарын дамытып грант алуға, арнайы жұмыс орындарын құру сынды қызметтер көрсетеді. 

Жалпы І,ІІ,ІІІ топтағы мүгедектер жұмысқа жарамды анықтамалары арқылы жұмысқа орналаса алады. Оның І, ІІ топтағыларының толық емес жұмыс уақыты белгіленген, яғни 8 сағат емес 6-сағат  жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 38 124 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде 3 681-і бірінші топтағы мүгедектер болса,  16 мыңнан астамы екінші топтағы мүгедектер,  ал 12283-і үшінші топтағы мүгедектер.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 05.08.2021, 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 05.08.2021, 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 05.08.2021, 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 05.08.2021, 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58