Мұнайшылар жалақысын көтеруді талап етті

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

28.12.2020, 16:04

3457

Кетіп бара жатқан жылдың соңғы жексенбісінде қызылордалық мұңайшылар әлеуметтік желілерде жалақы мәселесіне орай наразылықтарын білдірді. Онда «CNPC-АйДанМұнай» АҚ-ның 72 мың теңге айлықпен вахталық жұмыс істейтін жұмысшылары өзге компаниялардан екі есе, осы компаниядағы кеңсе қызметкерлерінен екі жарым есе аз жалақы алатындарына шағымданып, жалақыларын көтеруді сұраған. Осыған орай биылғы жылдың 3 желтоқсанында кәсіпорын басшысына, облыс әкіміне арнайы хат жолдаған. Арада біраз уақыт өтсе де жауап қатпаған облыс әкімдігі жексенбі күнгі желілерде жалаулаған әлеуметтік наразылыққа орай баспасөз қызметі мәлімдеме таратты.

««CNPC-АйДанМұнай» АҚ өңірдің мұнай өндіруші кәсіпорындарының арасында проблемалық кәсіпорындардың бірі. «Арыс» және «Блиновское» кен орындарының сарқылуына байланысты компанияда соңғы 3 жылда мұнай өндіру көлемі 25%-ға төмендеді. Осыған қарамастан, қызметкерлерді қысқарту көзделмеген, ұжымдық шартта көзделген жалақыны, әлеуметтік және сыйлықақы төлемдерін уақытылы төлеуде.

Соңғы үш жыл бойы компания қызметкерлері арасында жалақыны көтеру мәселесі шиеленісе түседі. Ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні «СНПС-АйДанМұнай» АҚ қызметкерлерінен (208 адам қол қойды) жалақыны 100% арттыруды талабымен ұжымдық өтініш келіп түсті. Оған облыс әкімдігі тарапынан облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы жауап берді. Осы мәселе бойынша төрт рет облыс әкімі орынбасарларының, «Қазақстандық мұнай-газ кешені салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы төрағалығымен, компания басшылығының, «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және «CNPC-АйДанМұнай» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасының қатысуымен мәжілістер өткізілді.

Мәжіліс барысында «CNPC-АйДанМұнай» АҚ басшылығы қаржылық жағдайын түсіндіріп, мұнай өндіру көлемінің жыл сайын азаюына қарамастан, қызметкерлерді, жалақыны қысқартуды жоспарламайтындығын мәлімдеді. Сонымен қатар, биылғы жылы компания ұжымдық шартта қарастырылған барлық арнайы жеңілдіктер мен өтемақыларды төледі. Кездесу қорытындысы бойынша пандемияға байланысты қосымша материалдық көмек төлеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, «CNPC-АйДанМұнай» АҚ президенті Чжу Айцзюнь мырзаға туындаған проблемалық мәселелерді жеткізу және жалақыны арттыру, сыйлықақыны көбейту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды», — делінеді мәлімдемеде.

Енді мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері «Арыс» және «Блиновское» кен орындарына барып жұмысшылар жағдайын бағдарлап қайтпақ.

P/S: Осындайда, «әлеуметтік мәселелерге сеп боламыз, демейміз, тек бізді қолдаңыздар», дейтін түрлі партия үміткерлері қарапайым жұмысшы таптың жағдайын сұрап, әлеуметтің әлеуетін қысылтаяң қиыншылықта неге көтермейді екен деген ой жетелейді екен.

Тегтер: мұнай бағасы биржа экономика нарық халық әлемдік экономика сарапшы талдау болжам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 22.10.2021, 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31