14.05.2021, 10:44
1295
Түркістан облысында арнаулы жеңілдіктерді пайдаланып, өзінің жеке кәсібін ашып жатқан азаматтардың қатары көбейіп келеді.
Мәселен Төлеби ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны Жанерке Есеналиева бастауыш кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантты ұтып алып, тігін шеберхасын ашқан. Ол қажетті құрал-жабдықтарды 555 600 теңге көлеміндегі қаражатқа сатып алған. Кәсіпкерге мұндай қолдау «Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» арқылы беріліп отыр.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, тігінші қазіргі таңда қыз жасауына арналған бұйымдарды тоқиды. Сонымен қатар, қомақты көлемде тапсырыстар қабылдайды. Жақында Атырау қаласындағы ауруханаға 600 дана көрпе-төсек тіккен. Сондай-ақ, тігін шеберханасында жергілікті спорт мектептерінің арнайы киімдері тігіледі.
Шеберхана иесінің айтуынша, өткен жылғы табысы шығынды есептемегенде 2-2,5 миллион теңге көлемінде болған. Осылайша тынымсыз еңбегінің арқасында жақсы табысқа кенеліп отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР