Нияз Сүндеталиев «Жас Отаннан» неге шыққысы келді?

Сайт әкімшілігі

07.10.2020, 11:53

670

Қарағанды қаласы қоғамдық кеңесінің және «Нұр Отан» саяси партиясының жанындағы   «Жас Отан» жастар қанаты орталық кеңесінің мүшесі,  мүгедектердің «Қамқор плюс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы- Нияз Сүндеталиев праймеризге қатысқан болатын.  Аймақтың ғана емес, елдегі  мұтқыл  мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін тереңнен қаузап жүрген жан парияішіндегі  саяси дода қорытындысында небары 4 пайыз ұпай жинаған. Ол  2-қазан күні әлеуметтік желідегі жеке парақшасында,  «Нұротандық» сайлаушылардың 96 пайызы оған сенімсіздік білдіргенін сипаттап, «Жас отанның» құрамынан шығатынын және партия билетін тапсыруға әзір екенін жариялады. Мүмкіндігі шектеулі жанның төтенше  мәлімдемесінен кейін,  5 мыңнан астам оқырманы үлкен резонанс тудырды. Шындап келгенде,  бұл қоғамды ойландыратын ауқымды  мәселе екені даусыз. Дегенмен, жігерлі жігіттің жедел шешімі жергілікті билікті сілкіндіргенге ұқсайды. Аймақтың атқамінерлері  «қарап қалмайық»  деп,  қам-қарекетке кірісті.  Қазанның 6-сы күні,  облыс әкімі Жеңіс Қасымбек  Нияз Сүндеталиевті  жеке қабылдауына шақырып,  өңірдегі дімкәс жандарды толғандырып отырған  қиындықтар мен шешімін күтіп тұрған  келелі мәселелерді кеңінен қаузады. Кездесудің соңында,  аймақ басшысы оған  мүгедектер  мәселесі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болуға ұсыныс білдірді. Бүгін біз ізін суытпай, Нияз Сүндеталиевтің өзіне  қоңырау шалдық. Ол пария құрамында қалу яки қалмау жөнінде  нақты шешімге әлі келмегенін жеткізді. Жастардың нар тұлғасымен  болған сұқбатымызды газетіміздің алдағы санынан оқитын боласыздар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:34
Бюджет жобасын халық жасайды
М.СӘУЛЕБЕК 09:31
Агроиндустриалды аймақ құрылады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:25
Күнгейдің көлеңкелі тұстары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 14:08
Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерді іздестіруде
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.10.2020, 11:30
«Біз оны жұмысқа алған жоқпыз...»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.10.2020, 10:39
Трактор табанына тапталған балалар алаңы

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04