03.03.2021, 15:44
153
-Кез келген өңірдің экономикасын шағын және орта бизнес өкілдері дамытады. Кәсіпкер болу үшін ең алдымен — жүрек керек, батылдық, білім, біліктілік, кәсібилік керек. Сондықтан екінің бірі кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкерлікке лайық адамдарды іріктеп алып, әрқашан ынталандыруға, барлық жағдайды жасауға біз дайынбыз,-деп мәлімдеді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев фейсбуктегі парақшасында. -Осы орайда Түркістан облысында елімізде алғаш рет «Кәсіпкерлік Қырандары» пилоттық жоба басталды. Жоба аясында жас кәсіпкер, стартаперлер, «Бастау Бизнес» түлектері өз бизнес-жобаларын өңірдегі ірі бизнес өкілдерінің алдында қорғайды. Таңдауы түскен жас кәсіпкерге инвестор қаржы құйып, мол табысқа кенелудің қыр-сырымен бөлісіп, бағыт-бағдар береді.
Кездесуде 370-ке жуық жоба арасынан суырылып, финалды этапқа шыққан 9 жоба бойынша бизнес-идеяларды тыңдадық. Бұл идеялардың барлығы дерлік инвесторлар тарапынан қолдау тапты.
Басқосу соңында инвесторлар мен қатысушылар арасында 88 млн. теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы 8 меморандум жасалды. Алдағы уақытта барлық жобаның даму сатысы бақылауда болып, есептік кездесулер өтіп тұрады.
Ө.Шөкев өңір экономикасын дамытуға құлшынып тұрған жас кәсіпкерлерді қолдауға ниет білдірген бизес өкілдеріне алғыс білдірді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР