«Оңтүстікте» 3 жоба іске қосылды

Сайт әкімшілігі

23.11.2020, 19:01

488

Шымкент қаласында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржынының жалпы құны – 97,8 млрд.теңге. Бүгінде инвестиция көлемі 30,7 млрд. теңге құрайтын  18 жоба іске асырылып, 1518 жұмыс орны құрылды. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылдан 2020 жылдың III тоқсаны аралығында «Оңтүстік» АЭА-ның кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 71,8 млрд.теңге құрады. Өндірілген өнімнің жартысынан астамы (48,8 млрд. теңге) таяу және алыс шет елдерге экспортталды.

«Оңтүстік» АЭА қызметін бастағалы бері бюджетке 5,2 млрд. теңгенің салық төлемдері жасалды. 2020 жылы инвестиция көлемі 0,99 млрд. теңге құрайтын 3 жоба іске қосылып, 93 жұмыс орны құрылды.

Шымкент қаласында 426 га аумақта «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары жұмыс істейді. «Оңтүстік» индустриялық аймағында жалпы құны 87,7 млрд.теңге 93 жоба жүзеге асырылуда. 2020 жылы 400-ге жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 18,6 млрд.теңгеге                     4 жобаны іске қосу жоспарлануда.

«Тассай» индустриялық аймағының аумағы – 89 га. 2020 жылы 263 жаңа жұмыс орнын құрумен 5 жобаны іске қосу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 27.05.2023, 19:33
Алматыда ішімдікке тәуелділердің саны 7,5%-ға азайған
Сайт әкімшілігі 27.05.2023, 10:45
Алматыда "Халық заңгері" кең ауқымды акциясы өтті
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 17:00
Оңтүстіктегі диқандар су тапшылығын тартып отыр
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 16:00
Оралдағы тергеу изоляторы құрылысын аяқтауға тағы 6 миллиард теңге қажет
Б.СӘРСЕНБІ 25.05.2023, 16:30
Шіркеймен күрес тамызға дейін жалғасады
Еркежан АРЫН 25.05.2023, 09:00
Алматы жастары арасында суицидтің алдын алу жұмыстарының маңызы

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31