«Оңтүстікте» инвесторларға жеңілдік көп

Шымкент  жеңіл өнеркәсіпте көшбасшы өңірге айналды

М.Сәрсенби

17.06.2021, 15:15

1099

Елімізде мақта егетін бірден-бір өңір – оңтүстікте тоқыма кластерін дамыту туралы мәселе осыдан 15 жылдан астам уақыттан бері айтылып келеді. Жүзеге асқан жобалар да аз емес. Қолға алынып жатқан жоспарлар да көп. Шымкентте осы мақсатта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған-ды.

   Жуырда Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов ресейлік TDL Textile компаниясының құрылтайшысы Р.Петровты қабылдады.  Аталмыш   компания – табиғи маталар, үй тоқымасын және медициналық өнімдерді өндіретін ресейлік жетекші кәсіпорындардың бірі. Иваново, Кострома және Мәскеу облыстарында 5500-ден астам қызметкері бар.  

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтасты айта келіп, Шымкентте тоқыма өнеркәсібін дамыту жайын сөз қылды. 

– Шымкент – дамыған инфрақұрылымы, бай табиғи және еңбек ресурстары бар Қазақстанның экономикасы  дамыған үшінші мегаполисі. Қала Орталық Азияда инвестициялар мен технологияларды тартудың жаңа орталығына айналу үшін зор әлеуетке ие. Өңірлік бөліністе қаланың жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 9,6 миллиард теңгені құрап, елімізде бірінші орын алды. Өткен жылмен салыстырғанда өндіріс 134,1 пайызға ұлғайды. Қала өндірісінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9 пайызды, елдегі үлесі 20,7 пайызды құрайды, – деді қала әкімі.

Ал ресейлік кәсіпкер «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан Azala Cotton тоқыма фабрикасының жұмысымен танысқанын айта келе, ортақ жұмыс істеуге мүдделілік танытатынын білдірді. 

Айта кетері, аумағы 200 гектарды алып жатқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 2005 жылы құрылған болатын. Бүгінде экономикалық аймақтың аумағында инвестиция көлемі 42,95 миллиард теңге болатын 25 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2293 тұрақты жұмыс орны ашылды. Резиденттер үшін тегін жер учаскесі, жер салығын, мүлік салығын және корпоративтік табыс салығын төлеуден босату түрінде инвестициялық жеңілдіктер мен преференциялар көзделген. 100 пайыз инфрақұрылыммен қамтылған. Сондай-ақ аймақ аумағында сумен жабдықтау және электр энергиясына тарифтер Шымкент қаласында жалпы белгіленген тарифтерден айтарлықтай төмен екенін атап өткен жөн. 

Сонымен бірге жақында Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» және «AZALA Textile» ЖШС жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында өзара бірлескен меморандумға қол қойды. Орталық өкілдері қаладағы ең үлкен кәсіпорындардың біріне айналған тоқыма фабрикасының басшылығымен кездесті. «AZALA Textile» ЖШС сырттан шикізат сатып алмай, өз өнімін өзі толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Мақта зауыты мен жіп, мата дайындау цехы толық қуаттылықпен жұмыс істеп тұр.

  Кездесуде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі түсіндіріліп, «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс» бағыттарына  мемлекет есебінен ақылы жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды тарту мақсатында келісім жүргізілді. 

– Кәсіпорын толық қуаттылықпен жұмыс істеуі үшін саланың қыр-сырын білетін кәсіби кадрлар керек. Бүгінде мамандар аз, жұмысшылар келсе, өзіміз үйретеміз. Өндіріс орнына тоқымашылар, тігіншілер, операторлар мен дизайнерлер жетіспейді, – дейді кәсіпорын директоры Жанар Көшерова.

Техникалық мамандық иелерін кәсіпорынға тартуды көздеген тоқыма фабрикасының өкілдері мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне қызығушылық танытып, алдағы уақытта керекті мамандарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыруды жүзеге асырмақ.

Айта кетсек, тоқыма фабрикасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Компания жеңіл тоқыма өнімдерін өндіреді. Көрпе тыстары мен жастық, сүлгілер, ақжаймалар мен басқа да тұрмыстық жағдайға қажет бұйымдар шығарады. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56