Оңтүстікте су тапшылығы болмайды

Сайт әкімшілігі

02.03.2021, 15:42

272

Түркістан облысында су тапшылығын жою маңызды міндеттердің бірі. Осы ретте су шаруашылығындағы түйткілді мәселелерді оң шешу үшін  Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың қатысуымен селекторлық жиын өтіп, аталған мәселе талқыланды.

Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында облыс үшін маңызды бірқатар жобалар іске асырылуда.

Осыған дейін Түркістан магистралды каналы күрделі жөндеуден өтіп, Сырдария өзенінен машиналық әдіспен Түркістан магистралды каналына ағын су тарту жобасы жүзеге асты. Соңғы 2 жылда облыстық бюджет есебінен 243 шақырымды құрайтын 61 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42 дана тік ұңғымалар қалпына келтірілген болатын. Соның нәтижесінде, 44,3 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, 53 миллион текше метр су үнемделді. Бұдан басқа, «Тұран су» арнасындағы 21 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілсе, Арыс-Түркістан магистралды каналының бойындағы 97 ішкі канал облыстық коммуналдық меншікке қабылданып, шектік тариф бекітілді. Ал, қазіргі уақытта Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасының құрылысы жүруде.

Үкіметтің «2020-2030 жылдарға арналған Су ресурстарын басқару Мемлекеттік бағдарламасына» Түркістан облысы аумағындағы биыл 17 су нысанына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының жобасы енген. Осы жобалар іске асырылған жағдайда 20 267 гектар жерде кепілді сумен қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.05.2022, 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47