«Оқушыны зорлады» деген күдікке ілінген жігіт өз-өзіне қол жұмсады

Мариям МАҚСАТ

02.12.2020, 16:48

751

Павлодардың 24 жасар тұрғынын 8-сыныпта оқитын 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.

Кейін күдікті азаматты изолятордың дәретханасында асылып тұрғын жерінен тауып алды. Денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ. Қайтыс болған жігіттің әпкесі қайғылы қаза туралы хабар 13 қарашада жеткенін айтты.

«Бейнебақылау камераларынан оның түнгі сағат үште дәретханаға қарай кеткені көрінеді. Ол үшін 15 минут қана уақыт беріледі. Ал бауырымды таңғы сағат бесте, екі сағаттан соң ғана тапты. Өлім алдында өзінің кінәлі емес екені туралы хат жазып кеткен екен», — дейді әпкесі Әйгерім Омарова.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші әлеуметтік желілердің бірінде танысқан. Кейін жәбірленушінің анасы қызының күдіктімен сөйлескен хабарламаларын оқып қалып, полицияға арыз түсірген.

«Әуелі «Адам саудасы» бойынша айып тақты. Келесі күні оны «Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады» деп айыптады. Ал өз-өзіне қол жұмсардан бір күн бұрын інім қорғаушысы арқылы «Вконтакте» желісіндегі парақшасының логині мен құпиясөзін берді. Сол парақшадағы жазбалардан қыз өзін 16 жастамын деп таныстырып, ақша үшін жыныстық қатынас ұсынғаны айдан анық көрініп тұр. Олар екі рет кездесіп, екі ретте де қыз ақша сұраған екен. Одан кейін тағы бірнеше рет ініме хат жазған. Бірақ ол ақшасының жоғын айтып, кездесуден бас тартқан», — дейді жігіттің әпкесі.

Жастар соңғы рет 26 қазан күні хат алмасқан. Екінші күні полиция қызметкерлері жігітті тұтқындап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Ал 13 қараша жігіт өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды.

Тегтер: оқиға тергеу қадағалау жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 16:32
25 млн теңге жымқырған алаяқ құрықталды
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 10:03
Баталов ауыл тұрғындарының арызына құлақ аса ма?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:38
Бес өңір "қызыл аймаққа" енді

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33