Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

21.09.2021, 15:00

645

Батыс Қазақстан облысында, соның ішінде жасыл желекке малынған Орал қаласы төңірегінде көкөніс өсіруге мүмкіндік мол. Кеңес кезінде шаһар іргесінде Плодоовощное, Селекционнный деген атаулармен жеміс-жидек өсіретін үлкен шаруашылықтар болған екен. Нарыққа көшкен жылдары олар жабылған. Дегенмен бағбандық кәсіпті меңгерген азаматтар әлі бар, топырақ құнарынан айырылған жоқ. Ендеше, берері мол берекелі іске білек сыбана кірісу керек-ақ.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің мәлімдеуінше, өңірде сыйымдылығы 14 500 тонна көкөніс сақтауға арналған, аумағы 42 мың шаршы метр құрайтын  қоймалар жұмыс істеп тұр. «Әлеуетіміз көкөніс бағасының маусымдық өсуін тежеуге, делдалсыз тікелей сауда-саттық ұйымдастыруға жетеді. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қымбаттатпау мақсатында шаралар кешенін қолға алып, ірі сауда орталықтарымен келісімге келдік. Арнайы акция аясында нан өнімін өндіретін 50-ден аса дүкендер, 15 әлеуметтік шағын маркеттер арзан бағаға халыққа тауар сатып жатыр», – деді облыс әкімі таяуда өткен актив жиынында.

Батыс Қазақстанда бизнес нысандарына да ұдайы қолдау көрсетілуде. 2019 жылы қабылданған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 248 жоба іске қосылып, оларға 25 млрд теңге қаржы салынған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлердің жобаларын қолдауға мемлекеттік грант, демеуқаржы, несиеге кепілдік беру түрінде 4,5 млрд теңге бөлінген. Карантин кезінде салықтық жеңілдіктер жасалып, несиелерді өтеу мерзімі кейінге қалдырылған. Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланған. Жалпы мемлекеттің қолдауы арқасында жергілікті 12 мыңнан астам компания 6 млрд теңге қаржы үнемдепті. Оған қоса 2022 жылдан бастап өндірістерін қайта инвестициялаған компаниялар корпоративті табыс салығынан босатылмақ. Облыста 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, 34 коммуналдық меншік нысаны бәсекелестік ортаға беріледі. Әкімдік оған қызығушылық білдірген кәсіпкерлермен келіссөз жүргізуге дайын отырған көрінеді. Айта кетсек, бұған дейін Оралдағы медицина колледжі, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, сервис және жаңа технологиялар колледжі, Мұз айдынды спорт сарайы, Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі сенімерлік басқаруға көшірілген.    

Азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту маңызды. Өңір басшысы бұл бағытта жаңа инвестициялар жобалар жүзеге асырылатынын мәлімдеді. «Президенттің бастамасымен жеке қосалқы шаруашылықтар құру жөнінде заң қабылданатын болса, қожалықтардың құқықтық мәртебесі нақты анықталады, жайылым, шабындық мәселелері шешіледі. Арнайы кооперативтерге шаруаларды біріктіру арқылы субсидияны да тиімді әрі оңай шешуге болады. Батыс Қазақстан облысында ғарыштық мониторинг арқылы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, иелерін БАҚ-та жарияладық. Бірыңғай геоақпараттық портал жасақтау ісі жуырда аяқталады», – деді Ғ.Есқалиев.

Жайық жұрты үшін соңғы жылдары су тапшылығы басты мәселеге айналып отыр. Әсіресе мал ішетін су жылдан жылға азаюда. Осы орайда облыс әкімі Ресейден сатып алынатын су мөлшері биыл екі есеге көбейгенін айтты. Бірақ су көбейді екен деп ысырапшылдыққа салынуға болмайтындығын қатаң ескертті.

– Қараөзен мен Сарыөзенге келетін су көлемін анықтау мақсатында есептегіш құрал орнатамыз. Қос өзен маңында су қоймалары салынады. Жайықтың сол жағалауындағы елді мекендерді сумен қамту үшін Жайық-Шалқар каналын, Азынабай-Тайпақ суланыру жүйесін, Ащы-Азынабай-Тайпақ каналын қайта жаңартуымыз керек, күні бүгін 4 млрд теңге бөлінді. Жоба жүзеге асқан уақытта 350 мың гектардан астам жайылымдық жер ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылады. Мал қосымша 30 мың басқа көбейеді, – деді облыс әкімі.  

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29