Оралда қоғам белсенділері күрек ұстап, қар тазалауға көмектесті

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

28.12.2020, 14:48

1705

Кеше Орал ақ ұлпаға көміліп қалды. Көптен жаумай тұр еді, жаңа жыл алдында жапалақтап басталған қар ілезде боранға айналып, үйлер мен тал-терекке әдемі көйлек кигізді.

Әрине, қарапайым халыққа қар жауғаны керек болса, қаладағы коммуналдық сала қызметкерлері үшін ол кәдімгідей проблема. Тұрғындар тайғанамас үшін тротуарды, көліктер «сүзіспеуі» үшін күрежолды тазарту тым тәуір машақатты шаруа. Осы орайда жергілікті қоғам белсендісі Айболат Бөкенов әлеуметтік желіде: «Қыс – қарымен көріктіғой. Дегенмен, бүгін таңнан бері БҚО-да қалың қар жауып, алыс елді мекендерге жолдар жабылуда. Орал шаһарында жол тазалау жұмысы таңмен басталды. Ата-анамыздай үлкен кісілер қыстың суығы мен жаздың ыстығына қарамай қаламыздың тазалығы үшін еңбек етуде. Соларға аз да болса жылу сыйлайын деп ыстық тамақ пен шай апарып бердік. Бос уақыттарыңыз болса сіздер де сол кісілердің күрегін алып, бірер сағат көмектессеңіздер еш артықтық етпейді. Керісінше, денсаулыққа пайдалы. Ендеше, осы челленджді бөліп-жарымай ФБ-дағы барлық достарыма жолдаймын», — деп үндеу тастаған еді. Шақыруды қабыл алған қала тұрғыны Жұмажан Сүндетов кеше «Жайық Таза қала» ЖШС жұмысшыларына ыстық шай мен бәліш апарып берсе, бүгін тағы бір оралдық белсенді азамат Мұхтар Өтесов қолына күрек алып, қар тазалауға көмектесті. Игі бастама алдағы уақытта шаһар тұрғындары тарапынан қызу қолдау табады деген үміттеміз.

Тегтер: қар тазалау көше жол қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.05.2022, 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.05.2022, 22:59
Қайырымдылыққа зәру бала көп
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 26.05.2022, 22:55
Сот жүйесінің өзгерісі халық көңілінен шығуда
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47