18.11.2021, 10:25
361
Түркістан облысы Ордабасы ауданында биыл желтоқсан айында «Индустриаландыру картасы» аясында 2 жоба іске қосылады. Соның бірі жаңа озық технологиямен жабдықталған «Bokei» кірпішзауыты.
Жалпы құны 2 миллиард 600 миллион теңгені құрайтын кәсіпорында жергілікті 60 азамат жұмыспен қамтылады. Кірпіш зауытының қуаттылығы тәулігіне 120 000 дана. Бұл туралы брифингте Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, келесі жоба — «Александровский сад» көкөніс сақтау қоймасы. Нысанның жалпы құны 800 миллион теңге. Онда 15 адам жұмыспен қамтылады. Аталған қойма аудан шаруаларының өнімдерін сақтауға ыңғайлы орын болмақ.
«Ағымдағы жылдың 9 айында ауданға 15 миллиард 296 миллион теңге инвестиция тартылып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 миллиард 731 миллион теңгеге артты. Сонымен қатар, аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 10 954. Оларда 16 669 адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс саласында жалпы 39 кәсіпорын жұмыс жүргізуде. Есепті кезеңде осы кәсіпорындармен 1 миллиард 599 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 353 миллион теңгеге артты», — деді Бағлан Дәнебекұлы.
Аудан экономикасының жетекші бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9 айда 50 миллиард 372 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 миллиард 381 миллион теңгеге ұлғайды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР