Өрнек, Тоғызтарау, Жаңаөткел жолдары жөнделді

Сайт әкімшілігі

30.11.2020, 20:56

116

Жалпы, Жамбыл ауданында жыл ішіндегі жетістіктен бөлек, алдағы 5 жылдыққа бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жоспары да көңіл қуантады. Мәселен, «Өңірлерді дамытудың 2025 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 246,3 миллион теңгеге 1 жоба іске асырылмақ. Аталған жоба Шоқай ауылын сумен қамтитын болады.

Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Өрнек-Тоғызтарау-Жаңа­өткел жолы 94,4 миллион теңгеге жөндеуден өтсе, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 5,5 миллиард теңгеге 96 жоба іске асырылуда. Жобалар 922 адамды жұмыспен қамтиды деп күтіліп отыр. 99 жобаның ішінде білім саласы, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, ауызсу, газ, жол мен көпір жөндеу, абаттандыру, жарықтандыру мен канал құрылысы да бар.

«Ауыл – ел бесігі» жобасына келсек, 11 нысанға 634,2 миллион теңге бөлініп, жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 адам жұмысқа орналасыпты. Жалпы, биыл жұмыспен қамту мекемесінде жұмыссыз ретінде тізімде тұрған азаматтарды құрылысқа тарту ерекше қарқын алғанын айта кеткен жөн. Олардың күшімен есепті кезеңде мектеп, мәдениет үйі, әмбебап спорт кешенінің құрылысы мен 5 ауылдағы 8 ауылішілік көшелер жөнделген. Мұндай бастамаға құрылысқа жауапты мердігерлер қолдау білдіріпті.

 «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша, 10 айда барлығы 619,9 миллион тең­геге 46 жоба жүзеге асқан. Ал«Аумақтарды дамыту» бағдарламасына тоқталсақ, биыл Жамбыл ауданында 569,4 миллион теңгеге 1 жоба іске асырылу көзделіп отыр екен. Ол – Түрксіб ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы.

«Еңбек» бағдарламасының елге тигізіп жатқан пайдасы орасан. Биыл бұл бағытта 1,6 миллиард теңгеге 2 723 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 3 073 адам еңбекке тартылып, жоспар 112,8 пайызға артығымен орындалыпты.

Жекелей айтсақ, бағдарламанын бірінші бағыты аясында 43,4 миллион теңгеге 160 адамды кәсіптік оқытудан өткізу көзделсе, бүгінде 170 адам мерзімді оқу курсына жолданған.

Екінші бағыт – жаппай кәсіп­керлікті дамытуда 156 жұмыс­сыз азаматқа 627,6 миллион теңге несие және 1 025 адамға 569 миллион теңге көлемінде жаңа бизнес идея­ларды іске асыру гранты тағайындалса, 10 айда 157 адамға 631,4 миллион теңге несие беріліп, 1 025 азаматқа 569 миллион теңгелік мемлекеттік грант үлестірілген. Сондай-ақ «Бастау бизнес» шеңберінде 370 адамды оқыту жылдық жоспарға енгізілсе, мұнда да жоспар артығымен орындалып, 373 адам оқудан өткен.

Жалпы, бұл ауданда «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл ішінде 363,1 миллион теңгеге 1 012 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде нақты 1 348 адам жұмыс істеп жатқанын білдік.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33