Осокаровтың мүмкіндігі өседі

Сайт әкімшілігі

13.09.2021, 17:11

525

Осакаров ауданында сиымдылығы 25 мың тонна бидай сақталатын  заманауи элеватор салынды. Астық қоймасында тұқымды сақтау, кептіру,  қабылдау және жөнелту жұмыстары сатылай іске асырылады. Элеватордың кейбір бөлігі қазірдің өзінде бидай қабылдауға сақадай сай. Нысан 2022жылы толық іске қосылғанда, Нұра, сондай-ақ Ақмола облысының Аршалы  ауданының шаруашылықтары жиған  астықтар осы арада сақталады.

Бүгін Осакаровқа жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек осындағы «Жаңа ай» ЖШС, «Жатва», «Ясная поляна» шаруа қожалықтарында жүріп жатқан дала жұмыстарын көріп  қайтты.

 - «Ас атасының сапасы жақсы, өнімділігі көңілді демдейді»-деді Жеңіс Қасымбек. Айта кеткен жөн, бүгінде облыстағы астық алқаптарының 72 пайызы жиналды. Биылғы егін ору жұмысы қыркүйектің 25-де аяқталады. Облыстың бидай және картоп өсіретін шаруашылықтары биыл да тұрақтандыру қорына қатысады.  Аймақ жетекшісі кенттегі  күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Жастар»  балалар мен жасөспірімдер орталығында болды. Кешен ішінде технопарк пен балалар өнер мектебі орналасқан. Мұнда 800-ден астам өрен таланттарын ұштауда. Осакаров ауданы орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  108 отбасына арналып екі қабатты алты үй тұрғызылып жатыр.  Жеңіс Махмудұлы мердігерлерге құрылысты уақытымен аяқтауды міндеттеді. Осакаров пен Молодежный ауданы арасын жалғайтын көлік жолының әлдеқашан кетеуі кеткен болатын. Ұзындығы 83 шақырымды құрайтын екі елді мекен арасындағы жолдың 37 шақырымдық бөлігі  жаңартылды.  Жақында ол көлік жүрушілерге пайдалануға беріледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 10:15
Қарағандыда 43 адам қамауға алынды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.01.2022, 14:00
Кеншілер мен металлургтер Президентке үндеу жолдады

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08