Павлодар облысында карантин күшейтіледі

Сайт әкімшілігі

17.10.2020, 09:15

465

Ертеңнен бастап Павлодар облысында карантин күшейтіледі, — деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстың бас санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің жаңа қаулысы 18 қазанда күшіне енетіні айтылады.

Жаңа ережелерге сәйкес, жексенбіде облыста қоғамдық көліктер тоқтайды. 

Мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар екі сағат бұрын жабылады — кешкі сағат онда. Келушілер әлеуметтік қашықты сақтауы керек, бір үстелге алты адамнан артық отыра алмайды.

Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар әлі де жабық. Сонымен қатар, сауда орталығы демалыс күндері жұмыс істемейді. Ғимараттарда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілуі тиіс.

Азық-түлік дүкендері 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Базарлар мен азық — түлік емес дүкендер 18:00-ге дейін.

СПА, сұлулық немесе массаж салондары, шаштараздар, сұлулық салондары клиенттерді жазба бойынша қабылдай алады — бір келушіге төрт шаршы метр. Мекемелер 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Фитнес-орталықтарға, спортзалдарға, спорттық-сауықтыру орталықтарына алдын ала жазылу қажет. 20:00-ден кейін облыс тұрғындары жаттығуға бара алмайды.

Кешкі сегізге дейін баспахана, жөндеу шеберханалары, авто-салондар мен автожуу, шиномонтаждау, зергерлік шеберханалар, ателье мен жанармай құю бекеттері жұмыс істейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 20.10.2020, 10:51
Биотехнопаркті мақсат еткен Аэлита
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2020, 10:41
Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:17
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 20.10.2020, 10:13
Күштінікі – диірмен тартады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:05
Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38