Павлодарда 42 жыл бұрын салынған теміржол вокзалы биыл жөнделеді

Сайт әкімшілігі

06.02.2023, 12:03

2953

Павлодарда пайдалануға берілгеніне 40 жылдан асқан теміржол вокзалы қайта жаңғыртылады.

Ғимарат қасбеті, күту және касса залдары, жолаушылар платформалары және басқа да нысандар жөндеуді қажет етеді. Павлодарлықтар күзден бері ақпараттық тақтаның жоқтығына шағымданып жатыр, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

«2023 жылдың ақпан айының соңына дейін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына вокзал пен оған іргелес аумақты реконструкциялаудың нақты жоспарын бекітуге ұсыну тапсырылды», — деп жазылған хабарламада.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын вокзал ғимараты 1981 жылы салынған. Соңғы күрделі жөндеу 2004-2005 жылдары жүргізілген.

Күн сайын облыс орталығынан тоғыз теміржол бағыты бойынша пойыздар аттанады, ал вокзалға 1 500-ден астам адам келеді және ондағы қызметті пайдаланады.

Өткен жылы жалпы жолаушы ағыны 570 мың адамнан асқан.

Тегтер: теміржол құрылыс жөндеу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.03.2023, 10:44
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді
Сайт әкімшілігі 27.03.2023, 09:41
4 облыс тұрғындарына ауа-райына байланысты ескерту жасалды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.03.2023, 05:53
Білім саласы сыбайластықтан көз ашпай тұр
Еркежан АРЫН 26.03.2023, 18:47
Шығысқазақстандық ғалымдардың өнертабыстары медицинаға көмектеседі
Еркежан АРЫН 25.03.2023, 14:22
Қостанай облысының өрт сөндірушілеріне жаңа форма мен техника сатып алынады
Еркежан АРЫН 25.03.2023, 11:00
Синоптиктер Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз ауа райы жағдайын болжап отыр

Аңдатпа


  • Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды
    05:37
  • Айтыскер, блогер һәм тренер
    05:34
  • Кәсіптік білім. Диплом тарату – маман дайындау емес
    05:32
  • Жетісайдың «күрескер» әкімі Жыңғылмен күресіп жүр
    29.03.2023, 05:46
  • Нұртай Базарұлы, зейнеткер: Қарағұсованың заңына қарсылық білдіремін
    29.03.2023, 05:44