05.10.2020, 06:38
637
Теміртауда полицей қызметтік көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді,-деп хабарлайды «Жас Алаш».
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 3 қазанда болған.
«3 қазанда Теміртауда Lada Vesta қызметтік автокөлігінің жүргізушісі Республика даңғылымен Восточная көшесіне қарай келе жатқанда тұманға байланысты жолды дұрыс көрмей, салдарынан 65 жастағы ер адамды қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен ер адам Теміртау қаласының ауруханасында көз жұмған», — деді полицейлер.
Қазіргі уақытта жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу») бойынша басталды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР