Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

22.11.2021, 14:03

1081

Майқұдық- аймақтағы аумақтық құрылымы үлкен,  халқының саны бойынша ең көп  шағын аудан. Әлеуметтік сипаты мен жағрафиялық сипаты тұрғысынан іргедегі Теміртаудан кем емес.  Цифр тілімен сөйлетсек, 137 мың халқы бар.  Елді мекеннің жер аумағы 22,4 мың гектар шаршы шақырымды қамтиды. Әкімшілік-атқарушылық сипат бойынша Қарағанды қаласының Октябрь ауданы құрамына енеді. Елі қалың, аумағы ұланғайыр шағын аудан кешеге дейін инфраструктурадан теперіш көріп келді. Анығын айтқанда, қалаға қатынайтын кетеуі кеткен жол  қарашаның  көптен бері жүйкесін тоздырған мәселе болатын. Тұрғындар ойдым ойдымы шыққан тас жолда адам шығынына әкелген талай  жол көлік оқиғаларына  куә болды. Қайсібіреулер оған «ажалға апаратын айрық» деген атау берді. Майқұдық пен Сұрыптау станциясы аудандарын  қаламен байланыстыратын  осы  бағытта күнделікті 200 мың жолаушы жүріп тұрады. 

 Талайдың тағатын тауысқан жол ақыры, 2020 жылы жөнделе бастады. Ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын  жолды қалпына келтіруге  қазынадан 7,3 млрд қаржы бөлінді. Мердігер компания жол қабатын, бағдаршамдар, жиектастарды ауыстырып, оң жақ жол құрамаларын, техникалық және жаяу жүргіншілер жолдары мен қауіпсіздік араларын толықтай оны соңғы үлгідегі технологиялық талап бойынша салып шықты.

-Жоба бойынша алты жолақты жол төселді. Жиегіне нөсер жауыннан қорғайтын жаңа суағарлар мен кәріздер орнатылды. Бұған қоса, жерасты тұрбалары қайтадан  жаңартылды. Сақтық шараларын бекемдеу мақсатында,  қоғамдық көліктерге жеке жолақ және жаяу жүргіншілерге арналып тротуар салынды,-деп мәлімдеді журналистерге  Ұлттық жол активтері сапасы орталығының «сапа және мемлекеттік есеп» бөлімінің бастығы Алексей Рассолов.   

Екі жылдай елдің дегбірін қашырған жолдың ендігі 80 пайызы аяқталды. Көптің көңілін табу қашанда қиын.  Бірақ, елдің дені дән риза екенін жасырмады.

-Бұрын қаладағы жұмысыма қоғамдық көлікпен 1 сағаттай сарылып жүретін едім. Енді,  айналдырған жарты сағатта діттеген арада боламын. Студент қызым да, сабаққа кешікпей баратынын айтып қуанып отыр. Бәрінен бұрын уақытымыздың үнемделгені олжа,- дейді 14-шағын аудан тұрғыны Гүлден Сайлауова.

 «Көгілдір тоғандар» ықшам ауданынан бастап, 14-ші ықшам ауданға дейінгі аралықты қамтыған жолдың соңғы кезеңі тәмамдалуға жақын қалды.  Апта басында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, аталған аумақта атқарылып жатқан  жұмыс барысына тағы бір қанығып қайтты.

 -Көгілдір тоғандар ықшам ауданынан Майқұдық автобекетіне дейінгі аралықтағы  көлік жолы толық пайдалануға берілді. Ендігі жаяу жүргіншілер жолына бордюр төсеу, бағдаршамдарды қосу және аялдама павильондарын орнату секілді міндеттер ғана  қалды. Биылдан бастап тұрғындардың қауіпсіздігі үшін  бағдаршамдар мен павильондар  саны тағы онға көбейтілді. Осылайша, ағымдағы жоспарымызды аяқтаймыз. Ал, келесі жылы Майқұдыққа шыға берістегі  «нан-макарон» комбинаты маңындағы 800 метрлік аумақтың жолын жаңартуды бастаймыз,-деді аймақ басшысы.

Қалың қазақ мекендейтін Майқұдықтың күре жолы ғана емес, келбеті де түрленіп, түлейтін болды. Хрущевтің кілең панельді тамдарынан сұрқы қашқан мекенде, бертінгі жылдары кірпіштен салынған кіл жаңа сәулетті үйлер пайда болды. Бұл  ажары ұсқынсыз көне шағын ауданның түлеуге қадам басқанының көрінісі.

-Майқұдықта «Отбасы банк» салымшылары үшін  60 пәтерлі көп қабатты үш кредиттік үй тұрғызылып жатыр. Алғашқы баспана  биылғы жыл соңында аяқталады. Қалған екеуі, келесі жылдың бірінші тоқсанында дайын болады.

Сонымен қатар, өткен  жазда Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау станциясы шағын ауданда 55 ойын алаңы мен 12 футбол алаңы орнатылды. Алдағы жылы ауданның 27 ауласын жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжаттама жасалды,-деп мәлімдеген аймақ басшысы Майқұдықты кешенді дамыту  бастамасы кідірссіз жүретінін жеткізді.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 16:35
Нұр-Сұлтанда 70 мектеп салынады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 03.12.2021, 14:24
Жалақысы 2 миллионға жуықтаған әкім
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 03.12.2021, 10:15
Кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.12.2021, 08:47
Советский, Карл Маркс, Полторацкий
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 17:01
Нұр-Сұлтанда мұқтаж жандарға 56 азық-түлік себеті таратылды (видео)
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 15:20
Түркістанда 40-тан астам полицей марапатталды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00