«Қандас жастармен – болашаққа»

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 08:17

221

Шетелде тұратын этникалық қазақ жастарымен байланыс орнату мақсатында соңғы жылдары белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, «Отандастар қоры», «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ және «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымы «Киелі Қазақстан» жобасы аясында үшінші рет Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Іс-шараның мақсаты – қандастарды «Киелі Қазақстан» бағдарламасы арқылы көрнекті жерлерімен таныстыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде білім, мәдени-гуманитарлық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру, шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы хабардар ету, болашақта этникалық қазақ жастардың бірлесіп жұмыс істеуіне, байланыстарының нығаюына түрткі болу.

Еліміздің жетекші оқу орындарында білім алатын 20 шәкірт бұл жолы Шымкент және Түркістан облысына саяхаттады. Іс-шара екі күнге жоспарланған болатын. Жиынның алғашқы күні Шымкентте «Қандас жастармен – болашаққа» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Басқосуда қандас жастар бірқатар атқарылып жатқан жобалармен танысты. Одан әрі қарай Шымкент маңындағы киелі жерлерді тамашалады. Сайрам тарихымен танысып, дендрологиялық саябақты аралады.

Екінші күні қатысушылар Түркістан қаласына аттанды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11