Қант қызылшасының даңқы қалай қайта оралды?

Еркежан АРЫН

13.12.2020, 15:47

325

Талдықорған өңірінің аты кезінде қант қызылшасымен танымал болатын. Сол даңқы бүгін Алматы облысына қайтып оралды. Биыл жетісулық шаруалар 550 мың тонна қант қызылшасын жинап, Көксу, Ақсу зауыттарына өткізген. Қайта жаңғыртудан өткен қос зауытта шикізат өңдеу ақталатын күн жақын, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Елбасы 2014 жылы Алматы облысына келген сапарында қант қызылшасын өсіруді қайта қолға алу керектігін ерекше тапсырған болатын. Сол уақыттан бері облыс басшылығы барлық қажетті шараларды қабылдап, алдымен нәтижеге жеткізетін жүйелі жоспар жасады. Ең алдымен Көксу, Ақсу қант зауыттарын қалпына келтіріп, іске қосу міндеті тұрды. Көксу зауыты көп ұзамай жаңғыртылып, тәтті түбір қабылдай бастады. Ал он жыл тұралап қалған Ақсу зауытына инвестор тауып, қайта жүргізу оңай болған жоқ. Дегенмен табанды жұмыстың арқасында кәсіпорынның тамырына қан жүргірді. Зауыт жай ғана іске қосылып қойған жоқ, кезең-кезеңімен жаңғырудан өткізіліп, озық технологиялар тартылып, қалдықсыз технологиямен жұмыс істейтін мүмкіндікке жетті. Ирригациялық жүйелерді түгендеп, құжаттандырып, суару желілерін қалпына келтіру жұмысы да негізгі басымдықта болды. Себебі суармалы алқап болмаса, егістіктің көлемін арттыру мүмкін емес. Президент өз Жолдауында бұл туралы 2030 жылға дейінгі межені белгілеп берген болатын. Соған сәйкес облыста 138 мың гектар суармалы жерді іске қосу көзделген. Өткен жылы 20 мың га жер айналымға енгізілсе, 2020 жылы тағы 20 мың гектер жер іске қосылды.

Осы жұмыстармен қатар қызылша өсірудің қыр-сырын білетін шаруаларды осы іске қайта қызықтырып, жұмылдыру үшін оларға жағдай жасау керек болды. Осы мақсатта қызылша бағытында 29 сервистік-дайындау орталығы құрылып, құны 6,4 млрд. теңге болатын 621 бірлік арнайы техника сатып алынды. Тәтті түбір өсіремін деген шаруа қожалықтарына субсидия беріліп, Франция, Германия, Дания елдерінен әкелінген жоғары өнімділікті тұқым берілді. Жанар-жағармай мәселесі де шешілді. Соның арқасында 2014 жылы 1,2 мың гектар болған қант қызылшасының алқабы 2020 жылы 16 мың гектарға жеткізіліп, 14 есеге жуық көрсеткішке ұлғайтылды. Бұл дақылдың өнімі биылғы жылы орта есеппен гектарынан 380 центнерден алынды.Жекелеген шаруашылықтарда көрсеткіш 600-800 центнерге жетті. Жалпы биылғы жылы 550 мың тонна қызылша жиналды, өткен жылмен салыстырғанда өнім 25 мың тоннаға артық. Одан 50 мың тонна ақ қант алу жоспарланған. Оған қоса өңірдегі қызылша өсірушілерді қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап өңдеуге өткізілген өнімнің әр тоннасына берілетін сусидия көлемін 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге өсіру қарастырылған.

«Біз қант қызылшасын өсірумен қатар өңдеу ісін де шештік. Қызылша өсіріп-баптаудың жұмысы ауыр. Сондықтан оның әр тал өнімін шашау шығармай өңдеуді жолға қоюымыз керек болды. Сондықтан біз ең алдымен жылдар бойы тоқтап тұрған Көксу қант зауытын, одан кейін Ақсу қант зауытын іске қостық. Инвесторлар тарттық. Олар зауытты қайта жаңғыртудан өткізіп, отандық, ресейлік, украиналық және басқа да шетелдік ең озық үлгідегі құрал-жабдықтарды орнатты. Сол сияқты зауыттарда бұрыннан істеген мамандарды қайта шақырдық», — деп атап өтті А. Баталов.

Қазіргі кезде Көксу қант зауыты 260 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын 80 % қайта жаңғыртылды, өндіріс толық автоматтандырылған, бұл қант сапасын еселеп арттыруға ықпал етуде. Тағы бір маңызды жайт – бұл зауыт табиғи газға қосылды. Кәсіпорынның экологиялық таза отынмен жұмыс істеп тұрғанына екі жыл болды. Бұл нысанға экономикалық жағынан тиімді болса, өңір үшін экологиялық жағынан тиімді. Бұрын зауыт маусымына 10 мың тонна мазут жақса, газға көшкелі отынға кететін шығын 1,5 есе кеміген.

Бүгінгі күні Ақсу қант зауытының кезекті жаңғырту жұмыстарынан кейін өңдеу қуаттылығы 350 мың тоннадан 500 мың тоннаға ұлғайтылды.

Зауытта қант қызылшасынан шығатын жомды кептіруге арналған және оны түйіршіктейтін желі іске қосуға дайын.

«Қызылша жомы – малға таптырмайтын азық. Облыста мал бордақылау алаңдарының қатары артып келеді, сондықтан кептірілген жомды өткізу қиындық туғызбайды. Оның үстіне жаңа технологияның арқасында жом брикеттеліп, құрғақ күйінде жеткізіледі. Сонда ол ұзақ сақталады әрі өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды. Сол сияқты ашытқы зауыты мен құрамажем зауытын салу арқылы өндірісті одан әрі кеңейту жоспарда бар. Сөйтіп зауыт қалдықсыз өндіретін кәсіпорын болады. Өндірістік қуатын арттырудың арқасында бізге тағы бір зауытты іске қосудың қажеттілігі тумайды. Біз қазір суармалы жерлерді ұлғайтумен, оған қоса қант қызылшасы алқабының көлемін арттырумен айналысып жатырмыз», — деді қант қызылшасы өндірісін дамыту туралы жоспарларымен бөліскен Амандық Баталов.

Жом теңге брикеттеледі, 1 тең 800 кг салмақ тартады. Қант қызылшасы өңделгенде 100%-тің 22%-інен сапалы жемдік қоспа шығады. Инвесторлармен бірлесіп, қант зауытында қамыс шикізатын өңдеу бағытында жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл зауыттың жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралардың арқасында 2023 жылға қарай облыс еліміздің ақ қантқа деген сұранысының 70% қамтамасыз ете алады. Бұл ретте облыстың шығаратын өнімінің көлемі 350 мың тонна болса, елдің қантқа деген қажеттілігі 480 мың тонна шамасында.

Алматы облысының қант қызылшасының бұрынғы даңқын қайта жаңғырту бағытында атқарған жұмыстары осындай.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58