Қарағанды облысында еріктілер жұмысы белсенді

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

04.03.2022, 08:43

972

Өзгенің басына түскен ауыртпалықты жан — жүрегімен сезініп, шынайы жанашырлық танытқандар ғана еріктілер қатарынан табылып, игі іс — шара жасауды мақсат тұтады. Қарағанды облысы соңғы жылдары волонтерлік жұмыс белең алып, қараша халықтың игілігіне жарап қалған бірқатар жұмыстары назарға ілініп қалды. Жақында ғана Балқаш қаласында «Автоволонтерлер» жобасы іске қосылды. Бұл жоба тағдыр тауқыметін арқалаған мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуға бағытталған көрінеді. Бұл қозғалыстың жұртқа пайдасы айтыла бастаған үндеуден кейін қайырымды істі құптаған жанашыр азаматтар жобаға қатысуды мақұлдаған. Көлігі бар тұрғындар мүгедек жандарды бағыт алған жеріне алып барып, қолдауға зәру адамдарға қайырымды әрекет жасауда. «Біз адамдарға көмектесуге ниет білдірген автокөлік иелеріне үндеу жолдадық. Айына бір рет жүріп тұруы қиын адамды дүкенге, ауруханаға, дәріханаға немесе басқа да шаруалары  бойынша алып бару көп уақыт пен күшті талап етпейді, ал ол адамдар үшін әлдебір  қайырымды іс  болады»,- деп мәлімдеді Балқаш қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Мейірім Орынбаев.Мамандардың айтуынша Балқашта  үш күннің ішінде отызға жуық адам мүгедектерге көмек қолын созатынын жеткізген. Осы айда волонтерлік сапарларды іске асыруды бастау жоспарлануда. Көлікті қажетсініп көмекке зәру болған жандардың өтініштері диспетчер арқылы қабылданады. " Диспетчер болып бірінші топтағы мүгедек азамат жұмыс істейді. Егер бұл жоба әрі қарай жақсы дамып кетсе, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алу мүмкіндігі туындайды ",- деп атап өтті Мейірім Орынбаев. Қозғалысты ұйымдастырған бастамашылар инстаграмм парақшасын ашқан, сондай — ақ 8775 174 15 48 байланыс телефоны арқылы ақпарат беріп отырады.

" Қар вахтасындағы еріктілер"

Қарағандыда үш жүзге жуық еріктілер " қар вахтасына " қатысты. Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарт адамдарға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне үйлердің аулаларын қардан тазартуға көмектесті. 15 ақпаннан 1 наурызға дейін олар "Қар вахтасын" жүргізді.Қарттарға қарын тазалап берген қайырымды іске облыстың  16 өңірі ат салысқан екен. «79 іс-шара өткізілді, оған 299 волонтер қатысты. 1 наурызда акция аяқталды және „Қар вахтасына“ қатысқан ең белсенді волонтерлер марапатталды», – деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Волонтерлер фронт-кеңсесінің басшысы Мәдина Тұрсынбекова.Ауылдық жерлермен қалада жер үйде  тұратын жалғызбасты қариялар үшін қысқа қармен күресу өлшеусіз бейнет екені сөзсіз. Қарттар үй маңайындағы  қарлар тазаланып аяқ алысының жеңілдегендерін айтып қуаныштарын білдіруде. Үй маңайына жиналған қалың қар қайратты жастардың көмегімен күрелмегенде жылымықта күрт ерігенде екі есе азап болар еді деп қуанады қариялар.

Тегтер: волонтер еріктілер көмек қайырымдылық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01