Қарағанды облысында инвестиция көлемі ұлғайды

Сайт әкімшілігі

08.11.2021, 15:11

238

Қарағанды облысында инвестиция көлемі артты. Өңірдің негізгі капиталына инвестициялар бойынша нақты көлем индексі 103,4%-бен 580,2 млрд теңгеден астам қаражат игерілді. Құрылыста, ауыл шаруашылығында және басқа да көрсеткіштер бойынша өсім тіркелді.

2021 жылдың қаңтар-қазан айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте шығарылды.

– Салалық басқармалардың мәліметтері бойынша, өнеркәсіпте нақты көлем индексі кемінде 98,5%, көлемі 3 трлн 352 млрд теңгені құрайды деп болжануда. Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру өткен жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 99,5% деңгейінде күтілуде. Тау-кен өндіру саласында – 97,5%. 18,9% өсіммен 465,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру күтілуде, – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Мал шаруашылығы есебінен ауыл шаруашылығы саласында да оң көрсеткіштер байқалады. Өнім шығару 405,1 млрд теңге көлемінде күтілуде – өсім 2,1%.

Облыс әкімі ведомстволарға барлық міндеттемелерді орындауға тапсырма берді.

– Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму департаменті, қалалар мен аудандардың әкімдері қосымша шаралар қабылдап, жыл соңына дейін өнеркәсіп өндірісінің оң серпініне қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ ішкі және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша күш-жігерді жандандыруы қажет, – деді Жеңіс Қасымбек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30