Қарағанды облысында карантин күшейеді

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

22.01.2021, 17:30

1419

Бұл талап қаңтардың 23-нен бастап күшейеді. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға орай, өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин бірқатар шектеу шараларын қабылдады.

Ол бойынша, қызметкерлері он бес немесе одан көп мекемелердегі жұмысшыларының 60 пайызы онлайн жүйесіне көшіріледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта» АҚ және банк бөлімшелері клиенттерін кешкі сағат 6 ға дейін қабылдайды. Бұл талап серіктес қаладағы тұрғындарға да күшейтіледі. Демалыс күндері қалааралық қоғамдық көліктер тоқтатылады. Қаладағы бильяр, боулинг орталықтарының сондай-ақ, түнгі клубтардың есігіне құлып салынады. Тұрғындарға мәселенің мән-жайын түсіндіру үшін бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев, халықты аймақтағы эпидемиологиялық жағдай жайында хабардар етті. Кенді өлкенің бас дәрігерінің мәлімдеуінше, бойында корновирустың белгілері бар науқастар саны 55 пайызға жеткен және індет тасмалдаушылардың қатары 45 пайыз өскен. Аса алаңдатарлығы, ақпарат күн сайын жаңарып, толығу үстінде. Сараптамалық талдауға сәйкес, биылғы қаңтар айында «қытай тұмауын» жұқтырғандар былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Дәрігерлер қауіпті кеселдің ел арасына етене таралуына жаңа жылдық мереке кезінде бақылаудың төмендеуімен байланыстырады.

Еске сала кетейік, 18 қаңтардан бастап Қарағанды облысы « сары аймаққа» енген болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17