Қарағанды облысында моноқалалар жаңа қарқынмен дамиды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

12.11.2021, 12:33

436

Моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бұл мақсатты сәтті жүзеге асыру  үшін Қарағанды облысында  кешенді жобаларды іске асыру жолға қойылған. Аймақта 90 — жылдардағы тоқырауда кезінде шаруасы алға баспай қалған шағын қалалардың түйіні томардай шешілмеген мәселесі көп болып кетіп еді. Дегенмен ел еңсесін тіктеп тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қарағанды облысында моноқалаларға назар аударылып,  бірінші кезекте шаһардағы жұрттың тұрақты жұмысы болуы үшін сол аймақтардан өндірістердің көп ашылуына билік білек сыбанып кіріскен еді. Еліміз бойынша кенді өлке Қарағанды облысы шағын қалалар көп шоғырланған өңірдің бірі болып саналады. Бұл аймақта Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш,  Абай, Саран, Шахтинск, Қаражал қалалары моноқалалардың қатарына енеді.Жақында Президент Қасым — Жомарт Тоқаев моноқалаларды дамыту жөнінде республикалық кеңесте шағын қалаларды дамыту жобаларын кешенді түрде жүзеге асыруға  әр аймаққа тапсырма берді." Үкімет құны 2 триллион теңге болатын 79 жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл 20 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Риддер, Хромтау, Жезқазған, Теміртау және Балқаш моноқалаларының аумақтарындағы перспективасы бар 7 учаскеге көңіл бөлген жөн. Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының маңында мыстың игерілмеген кен орындары бар. Салық тәртібі қолайлы әрі тұрақты болса, жер қойнауын пайдаланушылар геологиялық барлауды белсенді жүргізуге және кен орындарын игеруге дайын. Бұл көптеген моноқалаға жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді",- деді Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев.  Мемлекет басшысы моноқалаларды дамыту туралы айта келе олардың әрқайсысының өзіндік даму болашағы бар екенін мәлімдеді. Қарағанды облысында шағын қалалар тізіміне сегіз қала еніп отыр. Бұл қалалардың қалай дамитыны жөнінде облыс басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен аппараттық жиналыста айтқан болатын. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму үшін әртараптандыру бойынша бірқатар іс — шаралар өткізу жоспарлануда. Әр кәсіпорын үшін корпоративтік ұтқырлық жоспарлары жасалады. Қызметкерлер филиалдарда жұмыс істей алады, сондай — ақ қосымша дағдыларды меңгереді. Зәкірлік жобаларды ұлғайтуға, шағын және орта бизнеске, өндірістің баламалы түрлерін дамытуға баса назар аударылатын болады. «Моноқалаларда шағын және орта бизнестің 5 пайыз жеңілдікпен қаржыландырылуы қала құраушы кәсіпорындарға тәуелсіз кәсіпкерліктің жаңа салаларын ашуға мүмкіндік береді »,- деп мәлімдеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. Шағын қалаларды дамытудағы ең маңызды жайттың бірі ол тұрғындар көлігі үшін қолайлы болатын жол  сапасының жақсы деңгейде болуы екені сөзсіз. Қараша халық  діттеген жеріне кедергісіз жетіп  жол машақатына тап болмаса бұл да бір қолайлы өмір сүрудің негізі болар еді. Қарағанды облысында Жезқазған — Қызылорда қайта жаңарту басталады. Биліктегілер Нұр — Сұлтан — Алматы жолын жаңғырту және туризмді одан әрі дамыту аяқталғаннан кейін Балқаш қаласының әлеуеті артады. Балқаш қаласына дейін салынып жатқан күре жол аяқталған соң, Көкше теңізі бар Балқаш қаласына  туристер ағылып, бұл шағын қаланың әлеуметтік жағдайын түзеп, экономикалық тұрғыда өсіп әлеуетінің артуына алып келеді. Аймақта моноқалаларды әлеуметтік — экономикалық тұрғыда дамытудың кешенді жоспарлары сәтті орындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылып барлық шағын қалаларды қамтитын болады. Алдағы уақытта Қарағанды облысында қоршаған ауаның ластану проблемасы да назарға алынып оны шешудің кешенді жобалары да жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 2024 жылға дейін экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі жол картасы бекітілген. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаның шамадан тыс ластанып кетуіне жол бермейтін жоспарлы жобалардың жүзеге асыру жолға қойылады дегенді аңғартады. Өңірде бірінші кезекте тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты шағын қалаларды оңтайландыру жұмыстары қолға алынады. Сондай — ақ моноқалалардың экономикасын әртараптандыруды билік көздейді. Жұмыс беруші болып табылатын шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге көбірек назар аударылады. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөлінеді. Бұл қараша халықтың хал — ахуалының артуына алып келеді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30