Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты

Сайт әкімшілігі

12.08.2022, 10:21

2903

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 12 тамызда түнгі сағат 2:00 шамасында болған. 

«Ақтоғай ауданында Балқаш – Гүлшат тасжолында 65 жастағы Subaru автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ескерту белгілерінің барына қарамастан, жолдың жөнделіп жатқан бағытына шығып, сол жерде жол жөндеумен айналысып жатқан, 47 жастағы азаматтың басқаруындағы Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тегтер: жол апаты автобус көлік төтенше жағдай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41