Қарағанды облысының әл - ауқаты қандай?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

04.11.2021, 15:30

526

Қарағанды облысы еліміздегі жер көлемі жағынан үлкен аймақтардың бірі әрі еліміздегі алпауыт өнеркәсіптер көп орналасқан аумақ. Ағымы қатты заманда бұл аймақтың тыныс -тіршілігінде  үздіксіз өзгеріс болып тұратыны анық. Шенеуніктердің сөзіне сенсек, соңғы жылдары  Қарағанды облысында тұрғын үй салу көрсеткіші артып, бұрынғы жылдардағы құрылыс қарқынымен салыстырғанда рекордтық көрсеткіштерге жеткен.Сондай -ақ шағын және орта бизнестің де өркендеп  ілгерілеуі байқалып келеді.Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жыл аяқталып келе жатқан соң, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жинап өңір дамуына қатысты атқарылған жұмыстарды саралап, тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Аймақ басшысының пайымдауынша, облыста экономиканың негізгі салалары тұрақты жұмыс жасап келеді. Экономика дамыса басқа да саланың күре тамырына қан жүгірері сөзсіз екені анық. Қара металлургияда ( 15,2 пайызға), фармацевтикада 6 есе, жеңіл өнеркәсіпте (18,1 пайызға ) өндіріс ұлғайтылған. Биылғы  жылы ауыл да құр алақан емес, ауыл шаруашылық өнімдерін  өндіру жылдағыға қарағанда көңіл қуантарлық деңгейге жетіп қалған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің НКИ 9 айда 104,2 пайызды (ҚР — 101,4%  ) немесе 367,4 млрд теңгені құрап отыр.Облыс тұрғындары үшін бірінші кезекте баспанаға қол жеткізу басты мұрат екені анық. Бүгінгі күнде " өз үйім — өлең төсегім" деп баспанаға жете алмай баз кешіп жүргендер қаншама. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда биыл тұрғын -үй құрылысын салу облыс көлемінде қарқынды жүргізіліп келеді. Жыл қорытындысы бойынша облыста 662 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. Бүгінгі таңда 400 мың шаршы метр үй салынған, осы үйлерден  2600 — ден астам отбасыға пәтер беріледі. Оның ішінде 621 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табыс етіледі. Сонымен қатар биліктегілер Қарағанды облысында инвестиция көлемін арттырып, экономиканың қарқынды өсуіне алып келетін жүйелі жобаларды  жүзеге асыруды қолға алып келеміз деп мәлімдейді."Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырудамыз. 2021 жылдың соңына дейін 740 млрд теңгеге дейін инвестиция көлемі күтілуде. 9 айдың ішінде негізгі капиталда 542 млрд теңгеден астам инвестиция бар, оның 80 пайыз жеке меншік болып отыр. Осы жылғы жобалардың ішінде QazCarbon байыту фабрикасы, "Қаз Техна" зауытының екінші кезеңі, сәуір айында Шина зауытының құрылысы басталды. Жақында Президенттің қатысуымен Жәйрем КБК -нің жаңа полиметалл фабрикасы іске қосылды, оның қуаты фабрика есебінен кем дегенде 3 есе өседі",- деп мәлімдеді Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.Бизнестің есебі  түгел.Қарағанды облысында әлемді шарпыған пандемияның кезінде тұралай бастаған бизнес бүгінде біртіндеп  дами бастаған. Қазіргі уақытта бизнес түрлері ашылып, кәсіпкерлер кәсібін дөңгелете бастаған. Бизнес деңгейі өссе бірінші кезекте қараша халық үшін нәпақасын айыратын жұмыс болары анық. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 5-пайызға, өнім шығару 17 пайызған өскен. Бұл бизнес нысандарында облыстың барлық жұмыспен қамтылған халқының 36,5 пайызы еңбек етіп күнін көруде. Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы» бойынша мемлекеттік қолдау көлемі алғаш рет 9,2 млрд теңгеге жеткен болатын. Шенеуніктердің  айтуынша бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық. Бұл қаражаттың 24 пайызы облыстық бюджеттен бөлінген. Кәсіпкерлердің бизнесін дамытып әрі қарай жұмысты алып кетуіне көп жағдайда мемлекеттік бағдарламалардың  оң әсері тиеді. 1800 -ден астам бизнес жобалары қаржылық қолдауға ие болған. 2020 жылдың 10 айында мұндай жобалардың саны 262 болған, яғни бұл көрсеткіш 7 есе өсіп кеткен. Ал өңір экономикасына 83, 2 млрд теңге инвестиция тартылған, осының нәтижесінде  5 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, бұған қосымша 559 жаңа жұмыс орнының  құрылуына септігін тигізген. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша берілген несиелер көлемі 2 есеге өсіп 20,4 млрд теңгеге жеткен болатын. Жалпы есепті көрсеткен статистика бойынша мемлекеттік бағдарламалар арқылы 116 млрд теңгенің 3,6 жобасы қаржылық қолдауға ие болған. Жыл соңына дейін тағы 700-ге жуық жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр.  Сондай -ақ облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша жыл басынан бері Жұмыспен қамту органдары арқылы 28 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етіліпті.

Жолаушы  тасымалына — жаңа автобустар..Қарағанды қаласында бүгінде өзекті болып тұрған проблеманың бір жолаушы тасымалында қызметтің сапасыз көрсетілуі болып отыр. Бұл орайда билік тарапынан жолаушы тасымалындағы автобустарды автопарктердің ауыстыруына талап қойып бағыт сілтеуде. Бүгінде автобустарын жаңартқан автопарктер де бар.Қарағандылық автотасымалдаушылар Саран өндірісінің 40 жаңа автобусын сатып алды.  Сондай -ақ Теміртауда «СемАЗ» ЖШС зауытының " Донфенг " маркалы отандық өндірістің  20 жаңа автобусы маршрутқа шыққан. Жақында конвейерден  Жезқазған мен Саран қалаларына 42 автобус келмекші. Ал Қарағанды қаласындағы қоғамдық көліктерде желтоқсан айынан бастап, электронды билет беру жүйесі енгізіледі. Бүгінгі күнде дайындық жұмыстары аяқталып қалған, электронды билет сатылымға шығарылған. Экология басты назарда. Өндіріс алпауыттары көп шоғырланған кенді өлкенің өзекті проблемасының бірі — экология. Қоршаған ортаның ластануы бірінші кезекте халықтың денсаулығының нашарлауына алып келері сөзсіз. Осы орайда Қарағанды облысында қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды аз шығару, экологияны жақсарту мәселелері қаралып келеді. " Экологиялық мәселелерді Жол картасы бойынша Экология министрлігімен бірлесіп шешеміз. Алдағы үш жылда шығарылатын қалдықтарды 30 пайызға төмендету міндеті тұр. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша қабылданған шаралар шығарындыларды 9,7 пайызға төмендетті. Жыл ішінде барлық 1360 рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды. Жаңартылған және баламалы энергетиканың жаңа көздерін белсенді түрде салу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 228 МВт — қа 8 жоба іске асырылды. Балқаш маңында 100 МВт күн электр станциясы салынуда. Жобаның жалпы құны 39 млрд.51 млн теңге, іске асыру уақыты 2021-2022 жылдар.Қарағандыда 4 МВт биоэлектр станциясын (іске асыру кезеңі 2022 — 2023 ж, құны 5 млрд 197 млн теңге ) және Саранда құны 59 млрд 959 млн теңгені құрайтын биоэлектр станциясын 2022- 2023 жылдары салу жоспарға қойылды",- деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек. 

Әлеуметтік сектор және қауіпсіздік мәселелері.Қарағанды облысында да жыл сайын мектепте бала санының көбейуі көрініс беріп келеді. Сондықтан атқарушы билікке мектеп санын арттыру мәселесі алдыңғы орынға қойылуда. 2022 — 2025 жылдарға арналған мектеп орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін жоспарланған 17 мектептің төртеуінің оның ішінде үшеуі мемлекеттік — жекешелік әріптестік есебінен және бір жекеменшік мектептің құрылысы жүргізілуде. 166 ауыл мектептеріне жөндеу жұмыстары жасалған. 2025 жылға дейін тағы 299 мектеп жаңғыртылатын болады. Сондай — ақ мектептерде  қауіпсіздік шаралары басты назарға алынған. Барлық білім беру ұйымдарында дабыл түймелері мен құлақтандыру жүйелері орнатылған. Ал бес жүзден астам оқушысы бар үлкен мектептерде мамандандырылған күзет енгізілген және турникеттер орнатылған. Биылғы жылы облыстық билік қаражат бөлу арқылы мектептерде бастауыш сынып оқушыларын тегін  ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешкен болатын. Балалар спорт мектептерін жан басына қаржыландыруды жүзеге асыруға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.Осы жұмыстың нәтижесінде спорттың 17 түрі бойынша секцияларға 5 мыңнан астам баланы тартуға мүмкіндік берді. Бұл спортпен шұғылданғысы келген балғындардың ақылы спорт түріне баруын азайтып, ата — аналарға қолдау болары анық. Облыстың барлық аудандарында 13 ірі спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр." Біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі — мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау. Облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдары мен қызметтеріне 23 мыңнан астам тапсырыс пысықталды. Облыстың 10 өңірінде " Инватакси" қызметі жұмыс істейді",- деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек. 

Қарағанды облысында халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру үшін түрлі жобалар мен қоса шағын және орта бизнеске қолдау білдіру үшін кешенді жүйелерді жүзеге асыру мақсаттары қойылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30