Қарағанды қаласында бәйге түрлері бойынша ашық облыстық турнир өтті

Сайт әкімшілігі

29.06.2021, 19:26

1387

Қарағанды қаласында ағымдағы жылдың 26 маусымы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және астана Күніне арналған бәйге түрлері бойынша ашық облыстық турнир өтті. Осы ауқымды да, көрнекті ұлттық спорт түрі бойынша жарыста жеңіс үшін еліміздің өңірлерінен 150(!) шабандоз бақ сынасты. Біріншіліктің ашылу және марапаттау рәсіміне өңіріміздегі ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының басшысы Нұрсерік Шәріпов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қарағанды облысының жауынгерлік өнер Қауымдастығының құрметті президенті Кендебай Адамбеков, ДШжСБ басшысы Темірхан Абылаев және басқалар қатысты.  

Турнир келешекте ипподром салынатын және спортшыларымыздың жаттығулары үшін лайықты өз базасы болатын жерде өткенін атап өткен жөн. Бұған қоса, бұл республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді, әрі ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық тудырып, әлбетте, жақсы насихат болады. Өткен сенбі күні өткен бәйге жарысы – соның айғағы. Бәйге жарысының барлық түрлерінде  — тай жарысы, құнан жарысы, топ бәйге және әрине, аламан бәйге – қатаң, тартымды сайыс болды. Үздік жігіттер мен ең жүйрік аттардың иелері Қарағанды облысының ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының демеушілігі есебінен бағалы сыйлықтармен, кубоктар және медальдарымен, марапатталды. Аламан бәйгеде (25 ш.) басты жүлде – автокөлік, бәйгенің тағы екі түрінде (тай және құнан жарысы) – мотоциклдер, топ бәйгеде – ақшалай сыйлық 1 млн.тг. Екінші орыннан бастап бесінші орынға дейін ие болған жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Қарағанды облысының жауынгерлік өнер Қауымдастығы үш номинация бойынша арнайы сыйлықтар тағайындады. Турнирдің ұйымдастырылуы мен жоғары деңгейде өткізілуіне Қарағанды облысының «Арқа» бәйге федерациясы үлкен үлес қосты.  

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атағын жеңіп алғандар:

Аламан бәйге  

І- орын – Алматы облысы, Секенай Бөбекбай (Мамайқара)

ІІ — орын – Жамбыл облысы, Берік Оңалбаев (Қарақұс)

ІІІ — орын – Ақтөбе, Қазбек Әлешев (Қайнар) 

Топ бәйге

І — орын – Қарағанды облысы, Нұрлыбек Мұхамедияров (Ботагөз)

ІІ — орын – Баянауыл, Сүтжан Каримов (Желқара)

ІІІ — орын – Жамбыл облысы, Жандос Қадырманов (Еспера)

Құнан бәйге  

І — орын – Жамбыл облысы, Мұрат Өсербаев (Құралай)

ІІ — орын –Шығыс-Қазақстан облысы, Қуат Үсенов (Қарақат)

ІІІ — орын – Алматы облысы, Іле ауд, Жанколиков әулеті (Лидер)

Тай жарыс

І — орын – Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұрлан Намысов  (Нұрақасқа)

ІІ — орын – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Әсен Саламат (Ақбота)

ІІІ — орын – Қарағанды  облысы,  Жаңаарқа ауданы, Темірхан Тоқбергенов (Аққоян).

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті
Б.ЕРНАЗАР 07:21
Жемшөп Шымкентте дайындалады
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31