Қарағанды қысқа дайындықты бастап кетті

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

18.08.2021, 11:13

754

Қыр астында қыс тұр. Арқа қысы 6 айға созылады. Былтыр қыстың ақшұнақ аязында облыс орталығындағы кейбір ықшамаудан тұрғындары суыққа ұрынғаны көптің  есінде қалды. Бұл  коммуналдық шаруашылық саласы басшыларына ащы сабақ болды.  Қойнауы қара алтынға толы Қарағанды жұрты соңғы жылдары ара-кідік  көмір тапшылығына ұрынатын болды. «Байбаламға бастайтын бөгесінді  биыл болдырмау қазірден қам жасаған жөн»,-деп ескертті жылыту маусымына дайындық барысын талқылаған кеңесте облыс әкімі-Жеңіс Қасымбек. Сенімді дерек көзіне сүйенсек,  бір шахта және тоғыз разрезд теміржол бойында орналасқан 24  нүкте мен  10 қойманы  қатты отынмен  қамтамасыз етеді.  Облыста  көмір сататын осындай  34 нүкте бар. Оның 24-і теміржол бойында орналасқан, қалған 10 қоймада сақталады.

-«Шұбаркөл» көмір компаниясынан біздің өңірге бұған дейін  күніне  19 вагон көмір жеткізіліп келді. Тұтынушылар сұранысының артуына орай, қазір тәуліктік тасымал мөлшері  35 вагонға жетіп отыр. Компаниямен келісімге орай кеншілер қаласына қыркүйек айынан бастап  Шұбаркөлден 40 вагон  отын қоры жөнелтілетін болады. Орайы келгенде айта кеткен жөн,  өткен жылы облысқа 4,9 миллион тонна көмір түссе, биылғы сұраныс  5,6 миллион тоннаны құрап отыр,-дейді аймақтағы көмір қоры жайында есеп берген  облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырбеков.

Коммуналдық саланың мамандары есептік жиын барысында халыққа үндеу тастады. Тарқатып айтқанда, жұртты қыркүйек және қазан айында көмір тапшылығы мен оның қымбат нарыққа килікпеу үшін қысқы отынды қазірден бастап  сатып алуға шақырды.  Жылыту маусымына жауапты сала жетекшілерінің айтқаны рас болса, бүгінде өңірдегі орталықтандырылған жылу  жүйелеріне қосылған ғимараттардың 78 пайызы жылуға қосуға дайын. Ол дегеніңіз, 1100 әлеуметтік нысан мен 5403 көп қабатты тұрғын үй.  Талапқа сай жаз шыға барлық  жылу электр орталықтарында басталған жөндеу жұмыстары тәмамдалып қалды. Қазірдің өзінде, 9 қазандық пен 6 турбина кідіріссіз жұмыс істеуге әзір. Бұдан тыс, қалалар мен аудандарды газбен қамту шаруасы  да іркіліссіз жүріп жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48