Қарағанды қызыл аймаққа кірді: «COVID» балаға жұқпай ма?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

31.03.2021, 13:39

2405

Қарағанды қаласы короновирустың таралуын бойынша кеше қызыл аймаққа кірді. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте Октябрь және Қазыбек би аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшылары баяндады.

Спикерлердің мәлімдеуінше, жыл басынан бері қауіпті кеселге 2 224  шахар тұрғыны шалдыққан. Науқастардан алынған сауал нәтижесінде мәлім болғандай, олар індетті сырқаттанған адамдармен және симтом белгілері жоқ кісілермен байланыс  кезінде жұқтырған. Бұл төңіректе Октябрь ауданының  санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының  басшысы Сабыржан Қырғызалин:

- «Ауру себептерін талдау барысында 35,8% — ы бұрын ауырған отбасы мүшелерімен байланыс жасаған.  Бұл  тасымалдаушылардың үй карантин талаптарын сақтамағанын білдіреді. Ал, індетке тап болғандардың 62, 3% — ы өз ауруын  қоғамдық көлікті пайдалану кезінде жұқтырумен байланыстырды»,-дейді.

 Тазалық-денсаулық кепі екені аян.  «COVID»- те осы алғышарт қатаң сақталуы тиіс. Тазалық індетті қадағалаушылар тұрғындарды қаладағы 4 мыңнан астам нысанда  және қала ішіне қатынайтын қоғамдық көліктерде күн сайын кемі үш мәрте  дезинфекциялау жұмысы жүргізілетіне сендірді. Алайда, жұртты алаңдатып отырған басты мәселе -балалардың қауіпсіздігіне байланысты болып отыр. Ертең 1-5 және 9 және 11 сынып   оқушылары үшін   мектепте сабақ басталады.   Осы орайда, қаладағы ахуалға  алдымен  аналар  алаңдаулы.

— «СЭС қызыл аймаққа кірдік деп байбалам салып жатыр. Олардың індет көбейгенде  дабыл қағатыны санаға сыймайды. Әуелгі міндет-алдын-алу екенін ұмытқандай. Мәселен, менің баламның сыныбында 34 бала оқиды. Әр оқушының  үйінде қаншама адам барын санап, әрқайсына сол санды шағып есептесеңіз, бір ауылдың тұрғынына  жетеді. Сөйте тұра,  жауаптылар қала мектептерінің есігін айқара ашып қоюға неге рұқсат беріп отыр»? Әлде, короновирус балаға  жұқпай ма?- деген уайымын жеткізді Әсем Болатқызы.

Мәсенің мән-жайын анықтау үшін  сауалымызды облыстық білім басқармасының өкіліне жолдадық. Ондағы баспасөз қызметі: «Мұндай шешімді бас санитарлық дәрігер қабылдайды» деген жауап жіберді.

Ал, біздегі «СЭС» айтпай келетін әзәзіл ауру  әзірге  өрендерге әсер етпейтіндей сіресіп отыр.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17