«Қарағанды сенен түтін тарқамады....»

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

09.02.2022, 16:00

3044

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Соңғы бірер аптада Қарағанды аймағын қою түтін басып тұр. Бұл жылда қыстыгүні, күн тымық болса, қайталанатын жағдай. Кейбір күндері түтін тарқамай, тұрғындарға айналаны анық көру де мұң болып қалады. Бұл жолы елдің мазасын қашырған түтінді зерттеу үшін экологтар арнайы көліктерімен қаланың әр бөлігін аралап, сынама алуда.

«Қара қар жауатын Теміртаудың ауасы таза...»

Бір қызығы, таза ауаға соңғы он шақты жыл бойы жарымаған Теміртауды тексерген мемлекеттік экологтар «ауадағы зиянды қалдықтар қалыпты нормадан көбейген жоқ», деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Тұрғындар көктен аппақ болып жауған қар бір тәулікке жетпей жатып, қара қарға айналатын аймақтың ауасы қалыпты деңгейде дегенге сенбейді. Дегенмен, экологтар бұл алдын ала болжам екенін, әрі мониторингтің жалғасатынын мәлімдеді.

Қарағанды қаласының өзінде күн тымық болғанда, халық түтінмен әбден уланады. Тұрғындар терезені ашса, үйдің іші түтін сасып кететінін айтып қынжылады. 4 ақпанда Қарағанды қаласының әр аумағынан сынама алған экологтар ауа қабатында көмірқышқыл газының, азот, күкіртті сутекпен қоса, шаң тозаңның шамадан тыс артып тұрғанын анықтаған. Ауа қабатында зиянды қалдықтардың көп болуына, мамандар жер үйлердің пеш жағуы мен автокөліктерден газдың көп бөлінуі себеп болғанын айтады. Экологтар 5 ақпанда зиянды қалдықтар көрсеткіші көбеймегенін мәлімдеді. Бұл желді күні түтін мен газдың ауаға тез тарап кететінін көрсетеді. Пеш түтінінен құтылудың бір ғана жолы – жер үйлерді орталықтанған жылу желісіне қосу немесе оларға газ тарту. Бұл мәселе оңайлықпен шешіле қоймайды. Ал қаншама кәсіпорындардың пеш түтінінен де көбірек қалдық шығарып, қоршаған ортаны ластап жатқаны ресми ақпаратсыз-ақ бесенеден белгілі. Теміртауда орналасқан еліміздегі ең ірі алпауыт өндірісі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы былтырғы жылдың соңында қоршаған ортаға зиянды қалдықты шамадан тыс көп шығарғаны үшін – 286 млн теңге айыппұл төлеген болатын.

Тегтер: экология заң айыппұл мәселе тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 17:47
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.05.2022, 16:50
Қарағандылық шаруалар қауырт қимыл үстінде
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2022, 11:45
Отандық спортқа отандық бизнес демеуші
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2022, 17:11
Қайырымдылық қоғамға пайдалы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2022, 08:07
Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
Сайт әкімшілігі 10.05.2022, 06:43
Қостанайда 11 отбасы баспанасыз қалды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27