23.12.2020, 12:39
1364
Үкімет қаулысымен облыстағы он сегіз білім беру ұйымдары мен бір мәдени нысанға көрнекті тұлғалардың есімі берілді. Аймақтағы ағарту саласының мекемелері Әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Бауыржан Момышұлы, Қаныш Сәтбаев, Сәкен Сейфуллин тағы басқа оннан астам біртуар тұлғалардың атын иеленді. Бұқараға бұл сүйінші хабарды облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ерлан Құсайынов әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы жеткізді. Жұртшылықтың көптен күткен жағымды жаңалығы мұнымен шектелген жоқ. Қарағанды, Қаражал және Балқаш шаhарындағы 38 көшенің атауы да қазақшаланды.
— Көптің көкейінде жүрген тағы бір маңызды дүние бар-тұғын. Ол-Қарағанды қаласының Октябрь ауданына ұлт көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның есімін беру мәселесі. Оны облыс басшысы тікелей бақылауына алған. Пандемия салдарынан қазір қоғамдық тыңдау өткізуге мүмкіндік болмай тұр. Жағдай түзелген соң, заң талаптарына сәйкес тиісті іс- шаралар жүргізіліп, халықтың сұранымы қанағаттандырылады,-Ерлан Құсанов.
Тәуелсіздігімізге 29 жыл толғанда, толғағы жеткен туған тіліміз бен аяулы тұлғаларымыздың қадірін енді жете түсінгендейміз. Қам-қарекетсізідіктен қапы қала жаздадық. Бірақ, игіліктің ерте-кеші жоқ.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР