21.05.2021, 10:23
1491
Жергілікті өнер саңлақтары үшін бұл бұрын соңды болмаған тосын сый еді. Кеше еліміздің өнер және мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Арқа өңірінде арқа-жарқа аталып өтті. Пәтер кілтін алғандардың барлығы өз саласын өрге сүйреп жүрген жампоздар. Олардың арасында әртістер, сахна шеберлері, кітапханашылар бар.
-«Өмірлік серігім екеуміз 5 жыл пәтер жалдап келдік. Қарағандыға қанаттас -Ақтас кентінде тұрамыз. Үш баламыз бар. Жолдасым Сәкен театрында 15 жыл, өзім қара шаңырақта 10 жыл актер болып қызмет етіп келемін. Бүгін төл мекенізден жекеменшік баспана алып, көптен күткен қуанышқа кенелдік. Дүниеге келуін күтіп жүрген нәрсетемізге енді құтты баспанада «бесік жырын» шырқайтын болдым! Бұл бақытты күндерімнің бірі болды!», -дейді жүзі шаттыққа кенелген актриса Динара Айғозина.
Мәдениет өкілдерінің салтанатты шарасында, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы жылдары өңірдегі 200 ге жуық өнер майталмандары баспана алатынын жеткізді.
-«Ең қиын кезеңде өнер бізді құтарып, қолдап отырды. Пандемия уақытында мәдени іс-шаралар виртуалды форматқа көшірілді. Осылайша, өнер көрерменге шынайлығын дәлелдеді. Кәсібіне адалдық танытқан таланттарға тағзым етеу біздің парызымыз»- деді, ерекше сала өкілдеріне қайырылып сөйлеген өңір жетекшісі.
Шырайлы шарадағы тосын сый мұнымен шектелген жоқ. Аймақ басшысы мәдениет және өнер саласындағы сыйлықтың 24 лауреатына 21 номинация бойынша ақшалай сыйлық пен «Қобыз» мүсіні бейнеленген статует табыс етті.
2021 жылғы басты номинация «Мамандығына адалдығы» үшін марапатын С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі Нұржібек Жансүгірова мен К. Станиславский атындағы орыс драма театрдың актері Иван Немцев иеленді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР