Қарағандыда «рухани жаңғыру» халықтық сипат алған

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

15.11.2021, 08:53

316

Ұлттық тарихымыз бен болмысымызды қастерлеу -ұрпақтар сабақтастығының айғағы екені анық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның 30 жылда еңсерген саяси реформалары мен  экономикалық жаңғырудың  жалғасына айналды. Оны Елбасы Н. Назарбаев  еліміздегі үшінші жаңғырудың айғағы деп атап көрсетті.

-2013 жылы «Халық-тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық,-деген тұңғыш президент, рухани жаңғыру біртұтас ұлт болу жолында жасалатын ауқымды бағдарлама екенін  айқындап берді. Бұқаралық сананы кемелдендіру мақсатында Қарағанды қаласында биылдың өзінде бірнеше жобалар еңсерілді. Осы мақсаттағы бірегей шаралардың бірі -облыстық ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының бастамасымен, жергілікті арнада «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы құрылды. Тың жоба аясында  еліміздің білім меценаты, «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Бекзат Алтынбековтың демеушілігімен кітапханалар жүйесінде жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын насихаттауға арналған қалалық іс-шаралар жүргізіліп, түрлі байқаулар ұйымдастырылды.

-Мұндай шаралардың смартфон мен ғаламторға жіпсіз байланған құрбыларымның бойына дарытатын  тағылымы мол деп айтар едім. Мен бұл кешке анамның кеңесімен келдім. Зауықым тартпағаны рас. Кітапты жастанып оқитын Америка балаларының   көркем әдебиетке деген құштарлығын енді түсіндім. Кітап- ақылдың көзі, білімінің кені екен. Осындай кітап оқуға жетелейтін  тағлымдық  мәні зор кештерге оқушыларды  көптеп тарту керек,-дейді Қарағанды қаласындағы №36 орта мектептің 8-сынып оқушысы Әлихан Камалов.

Айт кеткен ләзім, өскелең ұрпақтың  білім көкжиегін ашып, танымдылығын оятуға түркі болатын мазмұнды шараларды кітапханалар жүйелі жүргізіп отырады. Кеншілер шахарындағы М. Әуезов атындағы  қалалық орталық кітапханада өткен  жазушы-қайраткер  С. Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «Сұлу жырдың сұңқар» атты әдеби-театрландырған кештің тәрбиелік тұрқы аса жоғары болды. Онда Сәкен атындағы академиялық облыстық драма театрының актерлері қаламгердің монологтарын оқып, кітапханашы қызметкерлер кешке келген оқырмандарға ақынның көркем шығармаларының желісі бойынша викториналық байқау өткізді. Әдеби кеште Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері ақынның  ел арасында кең тараған әндерін шырқап, мерейтой иесінің өмір жолын қамтыған бейнеролик көрсетті және кітап көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ, аталған кітапханада биыл да,  жылдағы дәстүрге сай қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың туған күніне орай «Әлем таныған Әуезов» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды. Кеш барысында халықтар мен ұлттық мәдениеттер достығын дамытуға жәрдемдесу қорының президенті Жарқын Өтешова онлайн әңгіме өрбітті. Ел аумағын жаппай қамтыған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының келесі бағытының бірі-төл жазушыларымыз бен шетелдік қаламгерлердің таңдаулы туындыларын оқырманға жеткізу. Бұл тарапта, кітапхана қорын жаңа кітаптармен толықтыру ісі кейінгі жылдары бұрынығдан қарқын алған.

-Атап айтар болсақ, «Күй керуен», «Зергерлік өнер нақыштары», «Алтай-алтын бесік», «Жаңа заман сәулеті», «Өмірдің алуан бояулары», «Тастағы Тараз тарихы», «Басында Қазғұрттың кеме қалған», «Отырар алқабындағы қасиетті орындар», «Уық шаншыған Ұлытау», «Үстірттегі көненің іздері», «Сыр ескерткіштері» деген ұлттық тарихымызды зерделейтін  жаңадан келген туындалар қазірдің өзінде оқырман қолына тарап үлгерді,-дейді Әуезов атындағы  орталық қалалық кітапхананың директоры Гүлжан Ахметкәрімова.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен  жанданған осынау жобалардың дені- рухани жаңғыруға бастайтын қадамның көрінісі. Ұлттық болмысын сақтаған елдің тарихы ұзақ жасайды. Әр табысын хатқа түсіріп құнттаған Ұлы Қытай осы ерекшелігімен озған. Шежіресін қастерлеп бірнеше ғасырға жеткізген  аспан асты елді енді рухани кемелденуге бар болмысын салуда. Ал, Қазақстандық жаңа тұрпатты жаңғырудың мұраты -ұлттық коды сақтау болып табылады. 

Тегтер: рухани жаңғыру Қазақстан ескерткіштер мүсіндер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30