Қарағандыда сайлауға сайланып бару керек

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

12.01.2021, 13:16

1245

       Кеңестік кезеңнің шекпенінен шыққан буынға сайлаудың сарыны ерекше болғаны жасырын емес. Ел саяси додаға ерік-жігерін жанып барды.  Бұл  күн мерекеден кем емес еді. Тұңғыш рет дауыс бергендерге марапат көрсетілетін. Сыртта сауда қызатын, жұрт ән-жыр тыңдап, көңіл көтеретін күндер енді келмеске кеткендей.  Пандемия жағдайындағы бұл сайлауда тұрғындардың қауіпсіздігіне баса мән берілді. Жұрттың топтасып жиналуына қатаң тыйым салынды. Концерттік шараларға шектеу қойылды.  Бұрын  сайлаушының сайланушыға сенімі зор болды. Қазір халық кімге сенерін білмей дағдарып қалды. Осындай жолайрықты ұстанған  жандар   қазір арамызда аз емес. Қарағандылық сайлаушы Диана Мұқанова демократиялық көзқарасты ұстанып, сайлауға барудан ерікті түрде  бас тартқанын жасырмады.

     – Мәжіліс, мәслихат сайлауына қатысқан бес партияның ішінен  іліп алар үміткер таппадым. Өз таңдауымды жасаудан  бас тартуыма басты себеп осы болды, – деп өз ойын кесіп айтты  қарағандылық бойжеткен.

      «Оңтүстік-шығыс» ықшамауданындағы №95 сайлау учаскесіне енген халық арасынан нілдей  жас жігітті  кезіктірдік.  Қарағанды мемлекеттік университетінің  журналистика бөлімінде оқитын  Айбын Жаманхан   осы араға келіп, алғаш рет  дауыс берген екен.

     – Бұл сайлау Қазақ еліне жаңа тыныс берері анық.  Таңдауымды білдірген үміткер жастар проблемасын тыңғылықты шешіп, қоғамды ілгері бастайтын  тың реформалар  жасауға ұйытқы болады деген сенімдемін, – деді ол.

       Әйткенмен  біз болған екі сайлау учаскесінде  дауыс берушілердің арасында жастарға қарағанда орта жастағылардың белсенділігі жоғары болғанын аңғардық.

    – Таңдауымды кімге білдірсем деп ұзақ толқыдым. Тәуекелге бел буып, даусымды  бас партияға бердім. Қанша айтқанмен, ондағылардың  сөзі жерде қалмайды. Сайлаушылардың сенімін  қаншалықты ақтайтыны  ендігі жерде халық қалаулыларының  арына сын, – дейді  Қанат есімді жігіт ағасы. 

     Қарағандыдағы сайлауда дауыс беруге аю кейпіндегі  екі адам келді.  Алайда  алып аңның киімін киген екі жігітті сайлау учаскесінің өкілдері қабылдамай,  кері қайтарды. Ресми өкілдердің айтуынша, ескерусіз ішке енген  меймандар  костюмдерін шешуден бас тартып, қажетті құжаттарын әкелмеген. Саяси дода кезінде  шоуға жол жоқ.  Әлеуметтік желіде  бұл күні жастардың  сайлаудан гөрі  осы оқиғаға назары ерекше ауды.  Анығында, көкейде «мемлекеттің келешегі  әуелі жастарды алаңдатуы тиіс» деген ой қылаң берді.

         Айта кеткен жөн,  биылғы мәжіліс пен  мәслихатдепутаттарының  сайлауында  облыс бойынша  778 сайлау учаскесі ашылып, онда 920,4 мың сайлаушы тіркелді.  3000-нан астам азамат партиялардан сенімді тұлға ретінде қатысты.  Орталық  сайлау комиссиясының  қорытынды есебі  бойынша, бұл күні Қарағанды өңірі халқының  70,7 пайызы өз таңдауын білдірген.

Тегтер: сайлау саясат партия бірлік мәселе оппозиция ішкі саясат реформа

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58