Қарағандыда XI-Қасым Аманжолов атындағы байқау мәреге жетті

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

11.10.2021, 09:01

306

Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың поэзиясын ұлықтау шарасы Қарағандыда  11-рет аталып өтілді. Бұл жолғы байқауға ақын өлеңдеріне жазылған әндерден вокалдық сайыс енгізілді. Жыр додасының биыл жағрафиялық аумағы да кеңіген. Осы жолғы мәреге аймақ ақындары ғана емес, Алматы, Нұр-Сұлтан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар өңірінен 18-45 жас аралығындағы талантты ақындар қатысты. Байқауға барлығы 118 өтінім келіп түскен.  Жыр додасының даңқы алыс-жақын шетелдерге етене таныла  бастаған. Оған айғақ, биылғы бәйгеге сонау Польшадан өтініш түскен. Қаламгерлердің қарым-қабілетін сынға салған қазылар алқасының мүшелері де кіл мықты ақындар. Сонысымен де, байқау сындарлы болды. Қазылар құрамында алты Алаштың ардақты ақындары  Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржан, Серік Ақсұңқарұлы, «Қасым» республикалық  журналының бас редакторы  Серік Сағынтай, ақын Ерлан Жүніс, Жанат Жаңқашұлы, сондай-ақ күміс көмей әншілер Гүлбаршын Тергеубекова, дәстүрлі әнші Сержан Мұсайын және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Гүнарайым Қаңтарбекова төрелік жүргізді.  Кеншілер қаласына келген қатысушылар мен өр өнердің мәртебелі меймандары алдымен ақын есімімен аталатын көшедегі ескерткіш мүсінге гүл шоқтарын қойып,  өлең оқыды. Ашық аспан аясындағы шарада Қайрат Айтбаев жинақтап шығарған  абыз ақынның «Бір нәзік сәуле» атты топтама кітаптың тұсауы кесілді.  Кеншілер шаhарындағы  Қасым Аманжоловтың мерейтойына арналған  мереке екі күн жалғасты.

– Бұл еңбекті топтастыруға бір жылдай уақыт кетті. Жаңа жинаққа Қасымның  әндерімен қатар, ақын сөзіне жазылған әндер енді. Бұған дейін де, ақын өлеңдерінен туған  әндер  жарық көргені аян.  Кей кезде де, Қасым еңбегіне талас тудырушылар болғаны жасырын емес. «Бір нәзік сәуле»  жинағының  алғы сөзінде әнші, этнограф Ерлан Төлеутайдың зерттеуіне сілтеме берілген. Ал, жазушы Дидар Амантай  кесімді пікір жазған. Айта кеткен жөн, әншілер Қайрат Байбосынов, Еркін Шүкіманов, Сержан Мұсайын орындаған ақын әндері бүгінде нотаға түсірілген, – деді Қайрат Айтбаев.

XI-рет өткізілген  «Жас дәурен» – вокалдық байқау және «Дүниеге келер әлі талай Қасым…» поэзия байқауы бойынша өткен сында дүр таланаттар бақ сынады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған  республикалық мүшәйра  кеше  мәреге жетті.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі  академик А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде болды. Байқаудың бас жүлдесін Нұр-Сұлтандық ақын Ғылымнұр Кәдірбай қанжығасына байлады. I дәрежелі марапат облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің журналисті,  ақын Жәлел Қуандықұлының еншісіне тиді. Байқаудың келесі жүлдесін  Қызылордадан келген Ақжол Түменбай алды. II дәрежелі дипломмен Балқаш қаласынан Мақсат Күземхан марапатталды. Сайыстың III дәрежелі дипломы Солтүстік Қазақстандық Ерасыл Алпысбайға берілді. Қарағандылық Қуандық Төкен  дәл осындай III дәрежелі дипломды еншіледі. Нұр-Сұлтан қаласынан келген Кәмшат Тұрабекова II орын иегері атанды. I орынды елордалық Сырым Мұхамеджанов иеленді. Ән байқауында ақынның шөбере қарындасы Дәмегүл Рақымжанова да  марапаттады. Сайыстың III дәрежелі дипломы Солтүстік Қазақстандық Ерасыл Алпысбайға берілді. Қарағандылық Қуандық Төкен де  III дәрежелі дипломға ие болды. Нұр-Сұлтан қаласынан келген Кәмшат Тұрабекова II орын иегері атанды. I орынды елордалық Сырым Мұхамеджанов иеленді. Ал, байқаудың бас жүлдесі Қарағандылық АйбекРымғалиға берілді.

Тегтер: шара жоспар әкімдім мәслихат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31