10.09.2021, 08:34
661
Біраз жыл бұрын кеншілер қаласындағы Нүркен Әбдіров көшесінде тұрған батыр ескерткішінің кей бір бөлігі зардапқа ұшыраған болатын. Нақты айтқанда, ұшқыш тізгіндеген ұшақтың шойыннан құйылған штурвалдың кейбір механизмі үгітіліп түсіп қалды. Осыған орай, облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы тарихи жәдігерді қайта қалпына келтіру үшін мүсіншілерге жүгінді. Мамандар ескерткішті тексере келе, оны бүтіндей жаңарту мүмкін емес деген қорытынды жасады. Облыс әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан көркем комбинаты Қаз Арт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі даңқты ұшқыштың ескерткішін қайта жасап шықты. Қола мүсінде батырдың бет әлпеті мен кәсіби формасы қаз-қалпында сақталған. Жаңа тұрпатты ескерткіш ертең бұрынғы орнына қайта жайғасады.
Кеңестер Одағының батыры, қазақтың бірегей қаhарманы, ұшқыш Нүркен Әбдіровтің ескерткіші Қарағандыда 1958-жылы орнатылған. Тәрбие тұрқының авторлары- жергілікті мүсінші Анатолий Билык пен Юрий Гуммель және сәулетші Леонид Воробьев жасаған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР