Қарағандылық ардагерлер аймақтың алтын көпірі

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

09.05.2022, 07:30

2918

Биылғы Ұлы жеңістің 77 жылдық мерейтойына  облыстағы ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуы тұса-тұс келіп отыр. Осыған орай, Қарағандыда ардагерлер кеңесінің II-Пленумы өтті. Ақсақалдардың келелі басқосуында Президент жолдауы аясындағы ұйымның  алдағы міндеттері талқыланды. Пленум жұмысына ҚР ардагерлер ұйымдары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытқожа Ізмұхамедов және облыстағы ардагер қатысты. Бүгінде кеншілер  өңірде  Ұлы отан соғысының 24 батыры және 5 мыңға жуық  тыл ардагері тұрады. Алдағы жеңіс күні  екінші дүниежүзілік шайқасқа қатысқан қарияларға облыстық қазынадан 1 млн теңге сыйақы беріледі.  

— Ардагерлер кеңесі 35 жылдың ішінде ұйымдық тұрғыдан нығайып, соғыс және еңбек ардагерлерінің қажеттіліктері мен өмірлік мүдделерін үнемі қанағаттандырып келеді. 

Қадірлі ардагерлер, баршаңызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, тайсалмас рух, туған- туыстарыңызға алғыс пен күш-қуат тілеймін,-деді пленумның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов.

Аға ұрпақ өкілдері- қоғамның қозғаушы күші. Қарағандылық ардагерлер саяси өмірдегі айтулы шаралардан қалыс қалмай, жастардың бойына адамгершілік  тәлім мен рухани тәрбие беру ісіне белсенді атсалысып келеді. Мәселен, олар    жастарға  әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі үздік байқаулардың жарысын өткізуге мұрындық болды. Жергілікті білім басқармаларының қолдауымен «Дала поштасы» конкурсын ұйымдастыруды қолға алды. Сонымен қатар, облыстық мәдениет басқармасы жылда «Ардагерлер ән салады» деген  хор ұжымдарының дәстүрлі фестивалін ұйымдастып, сондай-ақ,  «Мәңгілік ел» идеясын насихаттауға арналған қоғамдық  музейлер байқауын жариялап келеді.

Аға буынның идеясымен жалғасын тапқан «Ерлікке тағзым»  үздік шығармалар байқауы жастардың патриоттық ынтасын ашып, қызығушылығын арттыруда.  Халықаралық қарттар күніне арналған «Ұрпақтар байланысы» атты ардагерлер мен жастар форумы  ұрпақтар сабақтастығының дәлелі деп айтуға болады.  Өңірдегі ардагерлердің тарихты қастерлеуге қосқан өлшеусіз үлесін  жоққа шығаруға болмайды. Өткен жылы Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы  ауданындағы ардагерлер кеңесінің бастамасымен, ҚР ҚМ Әскери-техникалық  мектебі ғимаратының алдына  Кеңес Одағының батыры М. Мамыраевтың ескерткіші орнатылды.  Шалғайдағы Ақтоғай ауданында былтыр Кеңес Одағының батыры Қазыбек Нұржановтың ескерткіші  бой көтерді. Кеншілер шаhарындағы  жеңіл атлетика манежіне Қазыбек Нұржановтың есімін беруге, Қарағандыдағы «Мәңгілік алау » кешеніне  Кеңес одағының батыры атанған Жезқазғандық жауынгерлердің құрметіне арнап қосымша 14 меморалдық тақта орнатуға, сондай-ақ,  Ұлы отан соғысына қатысқан  Қарағандылық жауынгерлердің ерлігі жайында кітап шығаруға-  ардагерлер ұйымы ұйтқы болды.  1987 жылы құрылған облыстық ардагерлер бірлестігі зейнеткерлердің ғана емес,  аймақтың тегеурінді күшіне айналды.

— Есепті кезеңдер бойынша  27 төралқа кеңесі өткіздік.  Онда облысқа қатысты 500-ден астам мәселелер қарадық. Ендігі кезеңде, барлық санаттағы ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмыстарының әдіс-тәсін жетілдіруді жалғастыру ойда бар. Атап айтқанда,  қарттардың бос уақытын тиімді өткізу, қалалық және аудандық кеңестердің жұмысын жинақтап, озық шыққандарын насихаттау мақсаты тұр,-деп атап өтті Пленумда  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин.

Пленумға қатысушылар XYIII-сьезд  делегаттарының өкілеттік мерзімін IX сьезге дейін ұзарту жайында қаулы қабылдады.

Ардагерлердің өмір тәжіребиесі жас буынға отансүйгіш қасиетін қалыптастырудың бұлжымас үлгісі екені анық.  Қариялардың ақыл-кеңесі қай кезеңде де, елдің көшін өрге тартқан.  Облыстағы қадірлі  қарияларға арнап биыл «Елге сіңірген еңбегі үшін» естелік медалі шығарылды.  Кеңесте аймақтың қоғамдық-саяси өмірін жандандыруға және жастардың патриоттық рухын жануға бастамшы болып жүрген өңірдегі белсенді ардагерлердің  кеудесіне  мерейтойлық төсбелгі тағылды. 

Тегтер: Жеңіс күні соғыс шара жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56